"Астана – Жезқазған" бағытындағы тальго пойызы Қызылордаға дейін ұзартылады

Тальго пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2025
Жазылу
"Астана – Қызылорда" пойызы күнара қатынайды
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. "Астана – Жезқазған" бағытындағы Тальго пойызы Қызылордаға дейін ұзартылады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
2025 жылдың 14 желтоқсаннан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ Тальго №65/66 "Астана – Жезқазған" пойызының бағытын Қызылордаға дейін ұзартады.
"Жаңа бағыт елдің орталық және оңтүстік өңірлерін тікелей байланыстырады. "Астана – Қызылорда" пойызы күнара қатынайды. Бұл бағытта бір сапарда 400-ден астам жолаушы тасымалданады", - деп жазылған хабарламада.
Компания хабарлағандай, бағытта жайлы Тальго вагондары қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 50% жеңілдікпен арнайы бейімделген орындар қарастырылған.
Бағыттың ұзаруы жол жүру уақытын стандартты пойыздардан 7 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еліміздің ірі өңірлері арасындағы көлік қатынасын тұрақтандырып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын едәуір арттырады.
Тальго пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Алматыдан Ташкентке күн сайын тальго пойызы қатынайды
Жаңалықтар
0