https://sputnik.kz/20251205/gennadiy-golovkin-khalyqaralyq-boks-danq-zalyna-endi-59359054.html
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Sputnik Қазақстан
Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық атанды 05.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-05T08:43+0500
2025-12-05T08:43+0500
2025-12-05T08:46+0500
геннадий головкин
кәсіпқой бокс
әлем чемпионы
чемпион
https://sputnik.kz/img/553/69/5536965_0:0:2544:1432_1920x0_80_0_0_986fa57a9b6d70e69198162fdc88727a.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық атанды. Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына алғашқы мүмкіндігінде-ақ қабылданды.Геннадий Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде ел мерейін үстем етті.Кәсіпқой рингте ол 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңіске жетті (37-сі нокаутпен). Ұзақ уақыт бойы P4P (pound-for-pound) рейтингінің көшін бастады. Кәсіпқой карьерасында WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді.2012 жылы HBO арнасымен келісімшартқа қол қойғаннан кейін Головкин премиум-арнаның басты жұлдызына айналды. Оның жекпе-жектері үнемі үлкен қызығушылық тудырып, нокаутқа негізделген шабуылшы стилі мен орта салмақтағы үстемдігі оны әлемдік аренадағы мәртебесін айшықтай түсті.Тоғыз жылға созылған қатарынан 23 нокауттан тұратын жеңісті жолы - дивизион тарихында ең ұзақ сериялардың бірі болды. Сонымен қатар ол орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін 21 рет сәтті қорғап, рекорд жасады. 90 пайыздан асатын нокаут көрсеткіші Гиннес рекордтар кітабында әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары пайыздардың бірі ретінде тіркелген. Бұл көрсеткіш те оны қазіргі бокстың ұлы тұлғаларының бірі екенін айқындайды.Оның Халықаралық бокс Даңқ залына енуі - тек жетістіктері үшін марапат емес, әлемдік бокстың тарихында терең із қалдырған әрі шаршы алаңнан тыс жерде де спорттың дамуына ықпал етіп келе жатқан тұлғаның еңбегін бағалау.Геннадий Головкиннің есімі енді әлемдік бокс тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалардың қатарында ресми түрде аталатын болды.Әр жылдары бұл қатарға Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды даңқты спортшылар енген.
https://sputnik.kz/20251123/golovkin-world-boxing-khalyqaralyq-federatsiyasynyn-prezidenti-bolyp-saylandy-59035406.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/553/69/5536965_0:0:2544:1908_1920x0_80_0_0_21a53d8eede000410078b18a2c4e4a3b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
геннадий головкин, кәсіпқой бокс, әлем чемпионы, чемпион
геннадий головкин, кәсіпқой бокс, әлем чемпионы, чемпион
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді
08:43 05.12.2025 (жаңартылды: 08:46 05.12.2025) Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық атанды
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық атанды. Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына алғашқы мүмкіндігінде-ақ қабылданды.
Геннадий Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде ел мерейін үстем етті.
"Кәсіпқой боксқа өткен соң, Геннадий Головкин орта салмақтың XXI ғасырда дүркіреген чемпиондарының біріне айналды", - деп жазылған хабарламада.
Кәсіпқой рингте ол 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңіске жетті (37-сі нокаутпен). Ұзақ уақыт бойы P4P (pound-for-pound) рейтингінің көшін бастады. Кәсіпқой карьерасында WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді.
2012 жылы HBO арнасымен келісімшартқа қол қойғаннан кейін Головкин премиум-арнаның басты жұлдызына айналды. Оның жекпе-жектері үнемі үлкен қызығушылық тудырып, нокаутқа негізделген шабуылшы стилі мен орта салмақтағы үстемдігі оны әлемдік аренадағы мәртебесін айшықтай түсті.
Тоғыз жылға созылған қатарынан 23 нокауттан тұратын жеңісті жолы - дивизион тарихында ең ұзақ сериялардың бірі болды. Сонымен қатар ол орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін 21 рет сәтті қорғап, рекорд жасады. 90 пайыздан асатын нокаут көрсеткіші Гиннес рекордтар кітабында әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары пайыздардың бірі ретінде тіркелген. Бұл көрсеткіш те оны қазіргі бокстың ұлы тұлғаларының бірі екенін айқындайды.
"Бүгінде Геннадий Головкин ел намысын жаңа деңгейде қорғап жүр. Қазіргі таңда ол басқару саласында еңбек етуде. Даңқты боксшы Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетін және World Boxing ұйымын басқарады. Осылайша халықаралық спорт ұйымына жетекшілік еткен алғашқы қазақстандық атанды", - делінген хабарламада.
Оның Халықаралық бокс Даңқ залына енуі - тек жетістіктері үшін марапат емес, әлемдік бокстың тарихында терең із қалдырған әрі шаршы алаңнан тыс жерде де спорттың дамуына ықпал етіп келе жатқан тұлғаның еңбегін бағалау.
Геннадий Головкиннің есімі енді әлемдік бокс тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалардың қатарында ресми түрде аталатын болды.
Әр жылдары бұл қатарға Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды даңқты спортшылар енген.