Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды

© PhotoГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады.
"Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды", – делінген құттықтауда.
World Boxing конгресі Римде өтті. Головкин World Boxing президенті лауазымына сайлауға жіберілген жалғыз үміткер болды. Бұл лауазымда Геннадий Головкин нидерландтық Борис ван дер Ворстты алмастырды.
Айта кетері, 2024 жылдың ақпан айынан бері Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы қызметін атқарып жүр.
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2024
Головкин Халықаралық бокс федерациясының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды
Жаңалықтар
0