https://sputnik.kz/20251205/bala-zharaqat-alyp-tisterin-zaqymdagany-ushin-balabaqsha-otemaqy-toleydi-59383157.html
Бала жарақат алып, тістерін зақымдағаны үшін балабақша өтемақы төлейді
Бала жарақат алып, тістерін зақымдағаны үшін балабақша өтемақы төлейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Сот балабақшаны баланың жарақат алғаны үшін өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз... 05.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-05T18:27+0500
2025-12-05T18:27+0500
2025-12-05T19:09+0500
балабақша
қарағанды
сот
https://sputnik.kz/img/834/57/8345771_0:0:3797:2135_1920x0_80_0_0_a7ec0daf0ae7324cb36b3d1c11236fa8.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Сот балабақшаны баланың жарақат алғаны үшін өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.Шахтинск қалалық соты 2019 жылы туған кәмелетке толмаған балаға балабақша тарапынан келтірілген материалдық залалды және моральдық зиянды өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.Сотта анықталғандай, 2025 жылдың мамыр айында балабақша аумағында бала бет жарақатын алып, оның салдарынан алдыңғы тістері зақымданған.Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, бұл жарақат денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірген.Талапкер 46 285 теңге материалдық шығынды, 1 500 000 теңге моральдық зиянды, сондай-ақ сот шығындарын өндіруді сұрады.Жауапкер жазатайым оқиғаны тергеу актісіне сілтеме жасай отырып, жарақат бала тарапынан болған аңғарсыздық нәтижесінде болғанын айтып, моральдық шығын үшін 100 000 теңге және материалдық шығын үшін 22 285 теңге талап арызды ішінара мойындады.Талапты ішінара қанағаттандыра отырып, сот баланың денсаулығына келтірілген зиян балабақша әкімшілігінің кінәсінен болғанын атап өтті, себебі тәрбиешілер кәмелетке толмаған балаларға тиісті бақылау жасауы тиіс. Сот сондай-ақ баланың тіс жағдайына байланысты жарақаттың болашақтағы ықтимал салдары жөніндегі талапкердің уәждерін ескерді.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250813/astanada-2-mynnan-astam-balabaqsha-qyzmetkerine-zhalaqy-tolenbegen-56349090.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/834/57/8345771_168:0:3543:2531_1920x0_80_0_0_78591fa073c94a665fe9ef2f10ae5455.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, қарағанды, сот
балабақша, қарағанды, сот
Бала жарақат алып, тістерін зақымдағаны үшін балабақша өтемақы төлейді
18:27 05.12.2025 (жаңартылды: 19:09 05.12.2025) АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Сот балабақшаны баланың жарақат алғаны үшін өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.
Шахтинск қалалық соты 2019 жылы туған кәмелетке толмаған балаға балабақша тарапынан келтірілген материалдық залалды және моральдық зиянды өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.
Сотта анықталғандай, 2025 жылдың мамыр айында балабақша аумағында бала бет жарақатын алып, оның салдарынан алдыңғы тістері зақымданған.
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, бұл жарақат денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірген.
Талапкер 46 285 теңге материалдық шығынды, 1 500 000 теңге моральдық зиянды, сондай-ақ сот шығындарын өндіруді сұрады.
Жауапкер жазатайым оқиғаны тергеу актісіне сілтеме жасай отырып, жарақат бала тарапынан болған аңғарсыздық нәтижесінде болғанын айтып, моральдық шығын үшін 100 000 теңге және материалдық шығын үшін 22 285 теңге талап арызды ішінара мойындады.
"Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды. Жауапкерден 500 000 теңге моральдық зиян үшін өтемақы, 32 285 теңге материалдық шығын, сондай-ақ өкілдің қызметіне және мемлекеттік бажға төленген шығындар өндірілді", - деп жазылған хабарламада.
Талапты ішінара қанағаттандыра отырып, сот баланың денсаулығына келтірілген зиян балабақша әкімшілігінің кінәсінен болғанын атап өтті, себебі тәрбиешілер кәмелетке толмаған балаларға тиісті бақылау жасауы тиіс. Сот сондай-ақ баланың тіс жағдайына байланысты жарақаттың болашақтағы ықтимал салдары жөніндегі талапкердің уәждерін ескерді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.