Астанада 2 мыңнан астам балабақша қызметкеріне жалақы төленбеген

© Photo : Esi GrünhagenБала мен ойыншық
Бала мен ойыншық - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2025
Жазылу
Нәтижесінде 1 млрд теңге мөлшеріндегі еңбекақы бойынша берешек толық өтелді
АСТАНА, 10 шілде - Sputnik. Астанада мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің конституциялық құқықтары бұзылған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Сарыарқа ауданындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы мен өзге де әлеуметтік аударымдар уақтылы төленбеген.
"Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың 2 100 қызметкеріне еңбекақы төленбеген. Міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салықтар мен медициналық сақтандыру төлемдері аударылмаған", - дейді ведомстводағылар.
Қадағалау актісін қарау нәтижесінде 1 млрд теңге мөлшеріндегі еңбекақы бойынша берешек толық өтелді. Ал заңды белден басқан лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.
Қазақстанның алты өңірінде жалақы төмендеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2025
Қазақстанның алты өңірінде жалақы төмендеген
Жаңалықтар
0