https://sputnik.kz/20251204/zhambyl-oblysynda-ogey-balalaryn-azaptagan-er-adam-sottaldy-59353784.html
Жамбыл облысында өгей балаларын азаптаған ер адам сотталды
Жамбыл облысында өгей балаларын азаптаған ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
Сотталушы олардың еңбегінен түскен кірісті өзінің жеке мүддесіне пайдаланған 04.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-04T22:07+0500
2025-12-04T22:07+0500
2025-12-04T22:07+0500
жамбыл облысы
сот үкімі
азаптау
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16577820_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_a7ad9eb766962b2c94c5988c75eb0b3a.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында өгей әкесі кәмелетке толмаған үш баланы қинағаны үшін сотталды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.Талас аудандық соты кәмелетке толмаған 3 баланы қинады деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.Сотпен анықталғандай, 2019 жылдан 2025 жылға дейін ер адам шаруа қожалығының аумағында 2008 жылы туған кәмелетке толмаған өгей балаларына қатысты физикалық күшті жүйелі түрде қолданып, оларды азаптаған.Сотталушының кінәсі жәбірленушілер өкілдерінің айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250808/bes-zhyl-boyy-qorlyq-kordik-zhambyl-oblysynda-eki-bala-elden-komek-surady-video-56263501.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16577820_195:0:2926:2048_1920x0_80_0_0_a75d04b53bb18d78becbcabe6104bba8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, сот үкімі, азаптау
жамбыл облысы, сот үкімі, азаптау
Жамбыл облысында өгей балаларын азаптаған ер адам сотталды
Сотталушы олардың еңбегінен түскен кірісті өзінің жеке мүддесіне пайдаланған
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында өгей әкесі кәмелетке толмаған үш баланы қинағаны үшін сотталды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Талас аудандық соты кәмелетке толмаған 3 баланы қинады деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотпен анықталғандай, 2019 жылдан 2025 жылға дейін ер адам шаруа қожалығының аумағында 2008 жылы туған кәмелетке толмаған өгей балаларына қатысты физикалық күшті жүйелі түрде қолданып, оларды азаптаған.
"2025 жылдың сәуірінен бастап ол жұбайының кәмелетке толмаған үшінші ұлына да осылай қараған. Сотталушы балаларды қоғамнан оқшаулап, олардың оқуы мен дамуына кедергі келтірген, еңбекке мәжбүрлеп, тамақтануларын шектеген. Сотталушы олардың еңбегінен түскен кірісті өзінің жеке мүддесіне пайдаланған", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілер өкілдерінің айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.