https://sputnik.kz/20250808/bes-zhyl-boyy-qorlyq-kordik-zhambyl-oblysynda-eki-bala-elden-komek-surady-video-56263501.html
"Бес жыл бойы қорлық көрдік": Жамбыл облысында екі бала елден көмек сұрады (ВИДЕО)
"Бес жыл бойы қорлық көрдік": Жамбыл облысында екі бала елден көмек сұрады (ВИДЕО)
Sputnik Қазақстан
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады 08.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-08T20:18+0500
2025-08-08T20:18+0500
2025-08-10T22:43+0500
жамбыл облысы
бала
https://sputnik.kz/img/496/71/4967112_19:0:4095:2293_1920x0_80_0_0_3233ab5c9f8669dbcd06d86945bc5c29.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында екі бала 5 жылдан бері қорлық көріп келе жатқанын айтып, елден көмек сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Желіде тараған видеода олар еркінен тыс қой бағып жүргендерін айтады. Балалардың үлкенінің сөзіне қарағанда олар анасымен және өгей әкесімен бірге тұрады.Облыстық полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады."Полиция қызметкерлері оларды Тараз қаласындағы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жеткізді. Онда тергеу әрекеттері жүргізіліп, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.Балалар медициналық мекемеде қажетті тексеруден өткізілді.Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Оқиғаны мұқият тергеп-тексеру үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінен және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен арнайы комиссия құрылып, Талас ауданына жіберілді.Полиция кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылыққа қатаң тосқауыл қойылатынын, барлық кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын атап өтті.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/71/4967112_528:0:3585:2293_1920x0_80_0_0_691c7d0f85e5625d792fda1db999c045.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, бала
"Бес жыл бойы қорлық көрдік": Жамбыл облысында екі бала елден көмек сұрады (ВИДЕО)
20:18 08.08.2025 (жаңартылды: 22:43 10.08.2025) Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында екі бала 5 жылдан бері қорлық көріп келе жатқанын айтып, елден көмек сұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Желіде тараған видеода олар еркінен тыс қой бағып жүргендерін айтады. Балалардың үлкенінің сөзіне қарағанда олар анасымен және өгей әкесімен бірге тұрады.
"Бес жыл бойы қорлық көрдім. Туған әкеме барғым келеді, анам араша болғысы келеді, бірақ өзі де қорқады. Егер бізге көмектеспесеңыздер, екеуміздің біріміз өлеміз", – дейді ол.
Облыстық полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Полиция қызметкерлері оларды Тараз қаласындағы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жеткізді. Онда тергеу әрекеттері жүргізіліп, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.
Балалар медициналық мекемеде қажетті тексеруден өткізілді.
Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаны мұқият тергеп-тексеру үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінен және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен арнайы комиссия құрылып, Талас ауданына жіберілді.
Полиция кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылыққа қатаң тосқауыл қойылатынын, барлық кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын атап өтті.