Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Уиткофф пен Путиннің кездесуі өте жақсы өткенін мәлімдеді

© AP Photo / Alex BrandonДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2025
Жазылу
АҚШ президентінің арнайы өкілі мен күйеу баласы Мәскеуге барды
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен күйеу баласы Джаред Кушнердің Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген кездесуі өте жақсы өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Кеше президент Путиннің Джаред Кушнер және Стив Уиткоффпен кездесуі өте жақсы өтті", – деді Трамп Ақ үйдегі іс-шара барысында.
Сонымен қатар Трамп өзінің Владимир Зеленскиймен кездесуінен бері Киевтің жағдайы едәуір нашарлағанын атап өтті.
"Осы кеңседе көзірдің жоқтығын айтқанымды білесіздер. Мен (Зеленскийге – ред.) сіздердің қолдарыңызда карта жоқ дедім. Дәл сол кезде келіссөз жүргізу керек еді. Ол әлдеқайда қолайлы уақыт болған. Дегенмен олар келіссөз жүргізбеуді дұрыс деп шешті. Қазір көптеген нәрсе оған қарсы жұмыс істеп тұр", – деді ол Ақ үйде.
Трамптың айтуынша, Зеленский Ақ үй басшысының кеңесіне қарамастан, келіссөз жүргізуден бас тартқан.
Ақпан айында АҚШ президенті Ресеймен табысты келіссөз жүргізуге Зеленскийдің қолында "карта" жоқ екенін мәлімдеген еді.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украина мәселесін реттеуді соңына дейін жеткізуге ниетті - Келлог
Жаңалықтар
0