Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украина мәселесін реттеуді соңына дейін жеткізуге ниетті - Келлог

© AP Photo / Manuel Balce CenetaДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 қараша - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украина қақтығысын реттеді соңына дейін жеткізуге ниетті, деп мәлімдеді америкалық көшбасшының Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Президент Трамп Украина мәселесін реттеуді соңына дейін жеткібек", - деді Келлогг Fox News-ке берген сұхбатында.
Келлогтың айтуынша, АҚШ Украинадағы қақтығысты реттеуге қарыс қадам қалды.
"Әскери кезеңде біз үнемі нысанаға жақын қалған соңғы 10 метр қашықтықты ең ауыр деп санаймыз. Біз қазір соңғы екі метр қашықтықта тұрмыз", - деді ол.
Келлогтың айтуынша, АҚШ-тың Украина қақтығын реттеу үшін әзірлеген жоспары жақсы.
"Бұл жақсы жоспар. Бір жүйеге келтіріп, егжей -тегжейлі түсіндіретін тұстары бар", - деді Келлог.
АҚШ әкімшілігі бұған дейін Украина бойынша реттеу жоспарын әзірлегенін айтқан болатын. Бірақ әзірге оның егжей-тегжейін айтып талқыламайтыны, өйткені жұмыс әлі жалғасып жатқанын алға тартты. Ал Кремль өз кезегінде кез келген келіссөзге Ресейдің ашық екенін және Анкоридждегі пікірталас алаңында қалатынын айтты.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Рубио мен Уиткофф Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздерге қатысады
Жаңалықтар
0