https://sputnik.kz/20251204/shymkentte-uy-tazalauga-kelgen-ayeldi-qatygezdikpen-oltirgen-zhasospirim-sottaldy-59352000.html
Шымкентте үй тазалауға келген әйелді қатыгездікпен өлтірген жасөспірім сотталды
Шымкентте үй тазалауға келген әйелді қатыгездікпен өлтірген жасөспірім сотталды
Sputnik Қазақстан
Кәмелетке толмаған сотталушының кінәсі толық дәлелденіп, ол өз ісіне қатты өкінетін айтқан 04.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-04T20:07+0500
2025-12-04T20:07+0500
2025-12-04T20:07+0500
шымкент
қылмыс
сот
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17353664_0:127:1280:847_1920x0_80_0_0_42b9e73d0645ebfbd4c9dbadd2970330.jpg
АСТАНА, 4 жетоқсан – Sputnik. Шымкентте қатыгездікпен адам өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық сот.Жасөспірім сотталушыға адам өлтіру, өлген адамның мәйітін қорлау, ұрлық баптарымен айып тағылған. Жантүршігерлік оқиға биыл шілдеде болған.Кәмелетке толмаған сотталушының кінәсі толық дәлелденіп, ол өз ісіне қатты өкінетін айтқан."Сот жасөспірімді Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - дейді ведомстводағылар.Сотталушының Қылмыстық кодекстің 314-бабының 1-бөлігі "Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау" бойынша кінәсі дәлелденбеуіне байланысты бұл баппен кінәсіз деп танылды.Жасөспірім жазасын кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20251107/arasynda-politsiya-qyzmetkeri-bar-qyzylordada-balyqshylardy-oltirgender-sottaldy-58552961.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17353664_8:0:1145:853_1920x0_80_0_0_0827e9bb9cb425fa4b981441a8c352b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қылмыс, сот
Шымкентте үй тазалауға келген әйелді қатыгездікпен өлтірген жасөспірім сотталды
Кәмелетке толмаған сотталушының кінәсі толық дәлелденіп, ол өз ісіне қатты өкінетін айтқан
АСТАНА, 4 жетоқсан – Sputnik. Шымкентте қатыгездікпен адам өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық сот.
Жасөспірім сотталушыға адам өлтіру, өлген адамның мәйітін қорлау, ұрлық баптарымен айып тағылған. Жантүршігерлік оқиға биыл шілдеде болған.
"Кәмелет жасына толмаған сотталушы 21 шілдеде Telegram әлеуметтік желісінде үйді тазалап беретін қыз-келіншектер қажет екені туралы жарнама жариялаған. Жәбірленуші осы жарнама бойынша хабарласып, сол күні үйді тазалап, келіскен еңбек ақысын сұраған. Алайда, сотталушы осы еңбек ақыны төлемеу мақсатында жәбірленушіні өлтіріп, оның ұялы телефонын ұрлаған", - дейді соттағылар.
Кәмелетке толмаған сотталушының кінәсі толық дәлелденіп, ол өз ісіне қатты өкінетін айтқан.
"Сот жасөспірімді Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - дейді ведомстводағылар.
Сотталушының Қылмыстық кодекстің 314-бабының 1-бөлігі "Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау" бойынша кінәсі дәлелденбеуіне байланысты бұл баппен кінәсіз деп танылды.
Жасөспірім жазасын кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.