Арасында полиция қызметкері бар: Қызылордада балықшыларды өлтіргендер сотталды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуҚысқы балық аулау
Қысқы балық аулау - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2025
Жазылу
Олардың бірі табылған кезде, мойнына құм салынған қап байланған, ал аяқ-қолы қатты жіппен буылған
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қызылордада балықшыларды өлтіруге қатысты резонансты іске екі жылдан кейін нүкте қойылды, деп хабарлады Almaty.tv.
Екі жыл бұрын бір топ ер адам, яғни достар балық аулауға барған. Бірақ әдеттегі сапар қанды қылмысқа айналған.
Ер адамдар арасында дау туындап, бұл кісі өлтіруге әкеп соқты. Қылмысты жасыру үшін қылмыскерлер мәйіттерге құм салынған қаптарды байлап, суға тастаған. Марқұмдар сол уақыт аралығында хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер қатарына енген.

"Құрбан болғандардың денелерінде зорлық-зомбылықтың айқын белгілері байқалды. Олардың бірі табылған кезде, мойнына құм салынған қап байланған, ал аяқ-қолы қатты жіппен буылған. Мәйітке жүргізілген сот сараптамасы өлімнің зорлық-зомбылық салдарынан болғанын растады. Сотталушылардың кінәсі жиналған материалдар және айғақтармен толық дәлелденді", - деді полицияның тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Нұржан Өмірзақ.

Екі жылдан кейін ғана тергеушілер күдіктілерді анықтай алды. Көктемде іс алқабилер сотына берілді. Төрт ер адам - олардың бірі бұрынғы полиция қызметкері - сот алдында жауап берді.
Сот оларды алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған қасақана кісі өлтіру бабы бойынша кінәлі деп тапты. Үш айыпталушы 18 жылға, біреуі 19 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталғандардың бірі бұрын сотты болғаны анықталды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 17 жылға сотталды
Жаңалықтар
0