https://sputnik.kz/20251204/otbasy-bank-zeynetaqy-zhinagyn-kozdi-emdetuge-paydalanuga-otinim-qabyldaudy-toqtatty-59336788.html
Отбасы банк зейнетақы жинағын көзді емдетуге пайдалануға өтінім қабылдауды тоқтатты
Отбасы банк зейнетақы жинағын көзді емдетуге пайдалануға өтінім қабылдауды тоқтатты
Sputnik Қазақстан
Стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артқан 04.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-04T09:34+0500
2025-12-04T09:34+0500
2025-12-04T09:36+0500
зейнетақы қоры
зейнетақы жинағы
көз ауруы
көз
https://sputnik.kz/img/703/69/7036970_0:178:3009:1871_1920x0_80_0_0_647ecd8c0c622fee927b0e298024bfb0.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Бүгіннен бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемі есебінен офтальмологиялық қызмет ақысын төлеуге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Отбасы банкке сілтеме жасап."Отбасы банктің" ресми сайтында өтінім қабылдауды тоқтатуға Денсаулық сақтау министрлігінің БЖЗҚ қаржысын емделуге пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізуі себеп болғаны айтылған.Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді.Қазіргі уақытта банкте "офтальмология" бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15808 өтінім бар. Оның ішінде:Банктің мәліметінше стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артқан.Сонымен қатар банк бірқатар күмәнді жағдайды анықтады. Әртүрлі клиенттер бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан түрлі мекенжайлармен көрсетілген. Тексеру барысында бұл мекенжайларда мұндай клиниканың жоқ екені белгілі болды.Бірқатар бағыт тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ артық қаражатты әлі де маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алады. Атап айтқанда:Айта кету керек, стоматология мен офтальмология — БЗҚ пайдалануға болатын медициналық қызметтердің шағын бөлігі ғана. Бағдарлама жалпы жұмысын жалғастырып, мыңдаған азаматқа денсаулыққа қатысты маңызды мәселелерін шешуге көмектесіп келеді.
https://sputnik.kz/20251002/zeynetaqy-qorynan-zansyz-46-mlrd-tenge-shygargan-stomatologiya-ieleri-izdestirilip-zhatyr-57557511.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/703/69/7036970_140:0:2871:2048_1920x0_80_0_0_9daf367a803eb9b9fb5a32443c8e0d52.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы қоры, зейнетақы жинағы, көз ауруы, көз
зейнетақы қоры, зейнетақы жинағы, көз ауруы, көз
Отбасы банк зейнетақы жинағын көзді емдетуге пайдалануға өтінім қабылдауды тоқтатты
09:34 04.12.2025 (жаңартылды: 09:36 04.12.2025) Стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артқан
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Бүгіннен бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемі есебінен офтальмологиялық қызмет ақысын төлеуге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Отбасы банкке
сілтеме жасап.
"Отбасы банктің" ресми сайтында өтінім қабылдауды тоқтатуға Денсаулық сақтау министрлігінің БЖЗҚ қаржысын емделуге пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізуі себеп болғаны айтылған.
Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді.
"Осы күнге дейін жіберілген барлық өтінім жұмысқа қабылданып, белгіленген тәртіппен қаралады", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта банкте "офтальмология" бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15808 өтінім бар. Оның ішінде:
5131 өтінім (4,6 млрд теңге) бойынша банк мамандары құжаттарды тексеріп жатыр;
10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) бойынша клиенттерден қосымша құжат сұралуда.
Банктің мәліметінше стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артқан.
"15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есеге, яғни 1 264 өтінімге дейін өсті", - дейді банк мамандары.
Сонымен қатар банк бірқатар күмәнді жағдайды анықтады. Әртүрлі клиенттер бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан түрлі мекенжайлармен көрсетілген. Тексеру барысында бұл мекенжайларда мұндай клиниканың жоқ екені белгілі болды.
Бірқатар бағыт тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ артық қаражатты әлі де маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алады. Атап айтқанда:
орфандық (сирек) ауруларды емдеу;
реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары;
радионуклидті және радио-йод терапия;
Айта кету керек, стоматология мен офтальмология — БЗҚ пайдалануға болатын медициналық қызметтердің шағын бөлігі ғана. Бағдарлама жалпы жұмысын жалғастырып, мыңдаған азаматқа денсаулыққа қатысты маңызды мәселелерін шешуге көмектесіп келеді.