https://sputnik.kz/20251204/kolik-ayyppul-turagynan-zhogalyp-ketti-sot-zalaldy-oteuge-mindettedi-59352569.html
Көлік айыппұл тұрағынан жоғалып кетті: сот залалды өтеуге міндеттеді
Көлік айыппұл тұрағынан жоғалып кетті: сот залалды өтеуге міндеттеді
Sputnik Қазақстан
Сот автокөлікті 2017 жылдың қазан айында айыппұл тұрағына қоюға заңды негіз болмағанын анықтады 04.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-04T21:17+0500
2025-12-04T21:17+0500
2025-12-04T21:36+0500
тараз
көлік
ұрлық
https://sputnik.kz/img/old/972/59/9725975_0:78:1500:922_1920x0_80_0_0_f013acf315a12f766abb29e36c142fff.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Тараз қалалық соты күзет агенттігіне қатысты материалдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.2017 жылдың қазан айында "Ford Fiesta" маркалы талап қоюшының автокөлігін полиция қызметкерлері мәжбүрлеп алып, Тараз қаласындағы мамандандырылған күзет тұрағына орналастырған.2022 жылдың желтоқсанында иесі көліктің жоғалып кеткенін білген. Көліктің орналасқан жері осы уақытқа дейін анықталмаған, ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.Сот автокөлікті 2017 жылдың қазан айында айыппұл тұрағына қоюға заңды негіз болмағанын анықтады. Автокөлік алдыңғы күзет агенттігінің жауапкершілігінде болып, содан кейін 2019 жылдан бастап жауапкердің қорғауында болған.Баяндалғанды ескере отырып, сот азаматтың талап қоюын қанағаттандырып, жауапкерден 3,4 млн теңге мөлшерінде материалдық залал сомасын, сондай-ақ сот шығыстарын өндірді.Шешім заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20251201/tarazda-zhalga-algan-paterde-qan-shashyragany-ushin-zalal-ondirildi-59269075.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/972/59/9725975_84:0:1417:1000_1920x0_80_0_0_b78ab96b2c510122190efa241a6863d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, көлік, ұрлық
Көлік айыппұл тұрағынан жоғалып кетті: сот залалды өтеуге міндеттеді
21:17 04.12.2025 (жаңартылды: 21:36 04.12.2025) Сот автокөлікті 2017 жылдың қазан айында айыппұл тұрағына қоюға заңды негіз болмағанын анықтады
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Тараз қалалық соты күзет агенттігіне қатысты материалдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
2017 жылдың қазан айында "Ford Fiesta" маркалы талап қоюшының автокөлігін полиция қызметкерлері мәжбүрлеп алып, Тараз қаласындағы мамандандырылған күзет тұрағына орналастырған.
2022 жылдың желтоқсанында иесі көліктің жоғалып кеткенін білген. Көліктің орналасқан жері осы уақытқа дейін анықталмаған, ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Ер адам күзет агенттігі автокөліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді, бұл мүліктің жоғалуына әкелді деп санайды. Бағалау туралы есепке сәйкес, жоғалған көлік құралының құны 3,4 млн теңгені құрайды. Жауапкер талап қоюды мойындамады, бірақ ол көліктің сақталуына немесе оның кінәсінің жоқтығына ешқандай дәлел келтірмеді", - деп жазылған хабарламада.
Сот автокөлікті 2017 жылдың қазан айында айыппұл тұрағына қоюға заңды негіз болмағанын анықтады. Автокөлік алдыңғы күзет агенттігінің жауапкершілігінде болып, содан кейін 2019 жылдан бастап жауапкердің қорғауында болған.
Баяндалғанды ескере отырып, сот азаматтың талап қоюын қанағаттандырып, жауапкерден 3,4 млн теңге мөлшерінде материалдық залал сомасын, сондай-ақ сот шығыстарын өндірді.