Тоқаев әскерилердің мерт болуына жол бермейтін шаралардың тиімділігін арттыруды тапсырды

© PhotoМемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2025
Жазылу
Әскердегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары басшылары қызметінің түрлі аспектілері қарастырылды
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Президент әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті.
"Жиында бас прокурор Берік Асылов, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскери және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары, сондай-ақ әскерилер арасында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы баяндама жасады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар әскердегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары басшылары қызметінің түрлі аспектілері қарастырылды.
Президент заң мен тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге, әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, әскери қызметшілердің мерт болуына және жарақат алуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
Касым-Жомарт Токаев принял Верховного судью Палестины, советника Президента по делам религий Махмуда аль-Хаббаша - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
Тоқаев Палестина президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
Жаңалықтар
0