https://sputnik.kz/20251202/toqaev-palestina-prezidentin-qazaqstanga-resmi-saparmen-keluge-shaqyrdy-59292560.html
Тоқаев Палестина президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
Тоқаев Палестина президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Палестинаны халықаралық қауымдастықтың толық мүшесі ретінде тануға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді, деді президент 02.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-02T16:42+0500
2025-12-02T16:42+0500
2025-12-02T16:43+0500
қазақстан
палестина
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/02/59292238_6:0:1275:714_1920x0_80_0_0_360c8fc077fa9b90249165b477286ffe.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастық достық, өзара қолдау және құрмет сипатында дамып келе жатқанына назар аударды.Президенттің айтуынша, Қазақстан Палестинаны халықаралық қауымдастықтың толық мүшесі ретінде тануға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді.Махмұд әл-Хаббаш Мемлекет басшысына Палестина президенті Махмұд Аббас жолдаған хатты табыстады. Сондай-ақ еліміздің Палестина халқына және оның бейбіт әрі жарқын келешекке ұмтылысына ұдайы қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.Оның пікірінше, Қазақстан Палестина үшін бауырлас мемлекет саналады. Бұл екіжақты байланыстардан, көпжақты форматтағы, ең алдымен, БҰҰ мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы қатынастардан көрінеді.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев президент Махмұд Аббасқа ізгі сәлемін жолдап, оны алдағы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
https://sputnik.kz/20251112/toqaev-putindi-qazaqstanga-shaqyrdy-58709607.html
қазақстан
палестина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/02/59292238_164:0:1116:714_1920x0_80_0_0_88f1432a6a41163f020d6b8ac07353c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, палестина, президент
қазақстан, палестина, президент
Тоқаев Палестина президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
16:42 02.12.2025 (жаңартылды: 16:43 02.12.2025) Қазақстан Палестинаны халықаралық қауымдастықтың толық мүшесі ретінде тануға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді, деді президент
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастық достық, өзара қолдау және құрмет сипатында дамып келе жатқанына назар аударды.
Президенттің айтуынша, Қазақстан Палестинаны халықаралық қауымдастықтың толық мүшесі ретінде тануға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді.
"Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Таяу Шығыстағы ахуалды дипломатиялық жолмен реттеу, БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес "Қос халық үшін екі мемлекет" формуласы негізінде Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайтынын мәлімдеді", - деп жазылған хабарламада.
Махмұд әл-Хаббаш Мемлекет басшысына Палестина президенті Махмұд Аббас жолдаған хатты табыстады. Сондай-ақ еліміздің Палестина халқына және оның бейбіт әрі жарқын келешекке ұмтылысына ұдайы қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.
Оның пікірінше, Қазақстан Палестина үшін бауырлас мемлекет саналады. Бұл екіжақты байланыстардан, көпжақты форматтағы, ең алдымен, БҰҰ мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы қатынастардан көрінеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев президент Махмұд Аббасқа ізгі сәлемін жолдап, оны алдағы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.