Қайтарылған активтер: Түркістан облысында музыкалық мектеп ашылды

Түркістан облысында музыкалық мектеп ашылды
Түркістан облысында музыкалық мектеп ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2025
Жазылу
Мектепте домбыра, қобыз, фортепиано және басқа да музыкалық аспаптарды үйретуге арналған заманауи, арнайы жабдықталған кабинеттер қарастырылған
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен музыкалық мектеп ашылды, деп хабарлады бас прокуратура.
300 оқушыға арналған музыка өнері мектебі Ордабасы ауданында салтанатты түрде ашылды.
Түркістан облысында музыкалық мектеп ашылды
Түркістан облысында музыкалық мектеп ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2025
Түркістан облысында музыкалық мектеп ашылды
Ведомство хабарлағандай, заманауи талаптарға сай салынған жаңа білім беру мектебі балаларға сапалы музыкалық білім алуға мүмкіндік береді, дарынды балаларды халықаралық конкурстарға даярлауға жағдай жасайды, сондай-ақ өңірдің мәдени әлеуетін нығайтады.
Мектепте домбыра, қобыз, фортепиано және басқа да музыкалық аспаптарды үйретуге арналған заманауи, арнайы жабдықталған кабинеттер қарастырылған.
"Біз көктемде құрылысты бастап, уақыт капсуласын салдық, ал бүгін, небәрі сегіз айдан кейін, құрылыс жұмыстарының қаншалықты жылдам және сапалы аяқталғанына куә болып отырмыз", – деді бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков.
Түркістан облысында музыкалық мектеп ашылды
Түркістан облысында музыкалық мектеп ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2025
Түркістан облысында музыкалық мектеп ашылды
Қазіргі уақытта қайтарылған активтер есебінен үкіметпен еліміздің түрлі өңірінде 434 әлеуметтік нысан іске асырылып жатыр, олардың 30-ы Түркістан облысында орналасқан.
Ауыз су - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Қайтарылған активтер: Жамбыл облысында ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілді
Жаңалықтар
0