Қайтарылған активтер: Жамбыл облысында ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілді

© Public DomainАуыз су
Ауыз су - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Жазылу
Ауыл тұрғындары 90 жыл ішінде алғаш рет сапалы ауыз суды орталықтандырылған жүйе арқылы алатын болады
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Қараой ауылында ауыз су саласындағы әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды.
Бұл нысан құрылысы прокуратура органдары қайтарған активтердің есебінен жүзеге асырылған.
Айта кетейік, ауыл тұрғындары 90 жыл ішінде алғаш рет сапалы ауыз суды орталықтандырылған жүйе арқылы алатын болады.
"Осы жылдың қараша айынан бастап нысан пайдалануға берілді, бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және олардың маңызды әлеуметтік мәселелерінің бірін шешуге бағытталған маңызды қадам болды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, бүгінде үкімет денсаулық сақтау, білім беру, спорт және сумен жабдықтау салаларында 420-дан астам әлеуметтік маңызы бар жобаны қаржыландыруды мақұлдаған.
Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды
Жаңалықтар
0