Кредитті мерзімінен бұрын өтеу кезінде нені білу керек

Жазылу
Ішінара өтеу кезінде кредит мерзімін қысқартуға немесе төлем мөлшерін азайтуға болады
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушыларға кредитті мерзімінен бұрын өтеу тәртібін еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мерзімінен бұрын қарызды өтеу қарыз алушыға пайыздық төлемдерді азайтуға және борыштық міндеттемелерді тезірек орындауға мүмкіндік береді. Бұл төлем екі жолмен жүзеге асуы мүмкін:
Толық өтеу – барлық берешекті біржолата жабу;
Ішінара өтеу – белгіленген кестеден тыс қосымша соманы төлеу арқылы.
Ішінара өтеу кезінде қарыз алушы ай сайынғы төлемді сақтап, кредит мерзімін қысқартуды немесе төлем мөлшерін азайтуды таңдай алады.
"Қаржы ұйымдары заңнама шеңберінде мерзімінен бұрын өтеудің ішкі тәртібін, яғни ең төменгі сомаларды, өтініш беру мерзімдерін және есептік күндерді белгілеуге құқылы", - деп жазылған хабарламада.
Қарыз алушыларға банкпен алдын ала қайта есептеу әдісін, қаражатты есептен шығару тәртібін, сақтандыру сыйлықақыларын қайтару ерекшеліктерін және ипотека бойынша ауыртпалықты алу процесін келісу ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында 2025 жылғы 31 тамызда мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл санкциялары заңды тұлғаларға ғана қолданылатын норма күшіне енді.
Жеке тұлғалар кредиттерді кез келген уақытта тұрақсыздық айыбын төлемей мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шартқа, соның ішінде бұрын жасалған шарттарға қолданылады.
Архивное фото работницы банка - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше кредит ала алмайды
Жаңалықтар
0