Ринат Зайытовтың анасы дүниеден озды

© Sputnik / Абзал КалиевДепутаты мажилиса. Новый созыв
Депутаты мажилиса. Новый созыв - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
Жазылу
Қаралы хабарды Мақсат Толықбай жеткізді.
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың анасы дүниеден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаралы хабарды оның әріптесі Мақсат Толықбай әлеуметтік желі арқылы жеткізді.
"Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сұрап жатқанадар үшін жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айта кетейін", - деп жазды депутат.
Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. 13 жасында әке-шешесі ажырасып, бала Ринат анасымен қалады. Әкесі Рифхат Зайытұлы Аягөзде жергілікті мектепте мұғалім болып істеген, кейін директор болды.
Отбасында төрт ағайынды.
Толығырақ мына сілтеме арқылы оқуға болады.
Депутаты мажилиса. Новый созыв - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2025
Ринат Зайытов еттің бағасын көтеріп отырған "көкелерге" шүйлікті
Жаңалықтар
0