https://sputnik.kz/20251022/rinat-zayytov-ettin-bagasyn-koterip-otyrgan-kokelerge-shuylikti-58119617.html
Ринат Зайытов еттің бағасын көтеріп отырған "көкелерге" шүйлікті
Ринат Зайытов еттің бағасын көтеріп отырған "көкелерге" шүйлікті
Sputnik Қазақстан
Депутатқа сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жауап берді 22.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-22T13:23+0500
2025-10-22T13:23+0500
2025-10-22T13:23+0500
ринат зайытов
ет
сиыр
баға
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33888372_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_3b3604980560f9477d1743882e43f5d4.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов еттің бағасын көтеріп отырған "көкелерге" шүйлікті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Төменгі палатаның бүгінгі отырысында Зайытов ауылға барғанын айтты. Ол жақта еттің бағасы өзгермеген. Ал қалада делдалдар табысқа кенеліп жатыр.Депутатқа сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жауап берді. Оның айтуынша, бүгінде тиісті шаралар атқарылып жатыр. Бірақ сауда-саттықта бәрібір делдалдар болады.Министр ет экспортына енгізілген шектеу де мал шаруашылығына кері әсер етпейтінін жеткізді. Себебі квотаның көлемі қажетті еттің көлемін сыртқа шығаруға жеткілікті.
https://sputnik.kz/20250922/qazaqstanda-et-bagasyn-baqylau-kusheytiledi---57284817.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33888372_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_4b7e6428cbd23f8044b18ccf2f30a75f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ринат зайытов, ет, сиыр, баға
ринат зайытов, ет, сиыр, баға
Ринат Зайытов еттің бағасын көтеріп отырған "көкелерге" шүйлікті
Депутатқа сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жауап берді
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов еттің бағасын көтеріп отырған "көкелерге" шүйлікті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төменгі палатаның бүгінгі отырысында Зайытов ауылға барғанын айтты. Ол жақта еттің бағасы өзгермеген. Ал қалада делдалдар табысқа кенеліп жатыр.
"Базарда 5-6 мың тұратын еттің бағасы қыстаққа барсаң, 3 мыңға жетер-жетпес. Оны базарға барып сатайын десе, бір көке отырып алған. Таңғы сағат төртте өткізіп үлгерсең үлгердің, үлгермесең жоқ, бітті. Бағаны қоятын сол. Жәрмеңкеге алып келейін десе, тағы проблема. Өткенде ғана куә болдыңыздар, қаншама шаруа осы Астанадағы әкімдік орындарымызды сатып жіберген деп шағымданды. Ал экспортқа терісін де, жүнін де шығара алмайды. Етке де лимит қойып тастаған", - деді Зайытов.
Депутатқа сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жауап берді. Оның айтуынша, бүгінде тиісті шаралар атқарылып жатыр. Бірақ сауда-саттықта бәрібір делдалдар болады.
"Еттің бағасы 3 000 теңгеден басталады дейсіз. Бірақ оған тасымалдау, сақтау және тағы басқа шығыстарды кіргізу керек қой. Ал тұтынушыларды қорғау бойынша жедел желі бар", - деп атап өтті Шаққалиев.
Министр ет экспортына енгізілген шектеу де мал шаруашылығына кері әсер етпейтінін жеткізді. Себебі квотаның көлемі қажетті еттің көлемін сыртқа шығаруға жеткілікті.