https://sputnik.kz/20251130/pavlodar-oblysynda-3-aptadan-asa-uaqyt-buryn-zhogalgan-er-adam-tabylmay-zhatyr-59245007.html
Павлодар облысында 3 аптадан аса уақыт бұрын жоғалған ер адам табылмай жатыр
Павлодар облысында 3 аптадан аса уақыт бұрын жоғалған ер адам табылмай жатыр
Sputnik Қазақстан
Із-түзсіз жоғалған 1968 жылы туған ер азаматты іздестіру жұмыстары жалғасты 30.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-30T18:52+0500
2025-11-30T18:52+0500
2025-11-30T18:52+0500
павлодар облысы
із-түзсіз жоғалу
құтқару қызметі
полиция
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0f/32952938_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_ffa421f75aee24b586e2671f6c7599a0.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Павлодар облысында полицейлер мен құтқарушылар 5 қарашада жоғалған ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше із-түзсіз жоғалған 1968 жылы туған ер азаматты іздестіру жұмыстары Еңбек ауылының дала аймағында ұйымдастырылды.Іздеу жұмыстары жергілікті жерді шолып шығу арқылы топқа бөліну әдісімен жүргізілді. Қиын және алыс аумақтарды тексеру үшін әуе барлауын жүргізуге және жоғалған адам ізі болуы мүмкін жерлерді жедел анықтауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшу аппараты белсенді қолданылды.Жердегі техника іздеу аумағын кеңейтуге және жеке құрамды тасымалдауға пайдаланылды. Кинологиялық есептегі қызметтік иттер із кесу арқылы және аймақтың қауіпті немесе жасырын болуы мүмкін учаскелерін тексеру арқылы жұмыс жүргізді.
https://sputnik.kz/20251123/qostanay-oblysynda-er-adam-mal-izdeymin-dep-zhogalyp-ketti-59034191.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0f/32952938_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_985c16bfce08f5f9dd888b021410abf5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, із-түзсіз жоғалу, құтқару қызметі, полиция
павлодар облысы, із-түзсіз жоғалу, құтқару қызметі, полиция
Павлодар облысында 3 аптадан аса уақыт бұрын жоғалған ер адам табылмай жатыр
Із-түзсіз жоғалған 1968 жылы туған ер азаматты іздестіру жұмыстары жалғасты
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Павлодар облысында полицейлер мен құтқарушылар 5 қарашада жоғалған ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше із-түзсіз жоғалған 1968 жылы туған ер азаматты іздестіру жұмыстары Еңбек ауылының дала аймағында ұйымдастырылды.
"Іздестіруге Павлодар облысы ТЖД-ның 28 қызметкері, 8 бірлік техника, ұшқышсыз ұшу аппараты және 2 кинологиялық есеп тобы жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Іздеу жұмыстары жергілікті жерді шолып шығу арқылы топқа бөліну әдісімен жүргізілді. Қиын және алыс аумақтарды тексеру үшін әуе барлауын жүргізуге және жоғалған адам ізі болуы мүмкін жерлерді жедел анықтауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшу аппараты белсенді қолданылды.
Жердегі техника іздеу аумағын кеңейтуге және жеке құрамды тасымалдауға пайдаланылды. Кинологиялық есептегі қызметтік иттер із кесу арқылы және аймақтың қауіпті немесе жасырын болуы мүмкін учаскелерін тексеру арқылы жұмыс жүргізді.