Зарина Дияс Australian Open чемпионатына жолдама жеңіп алды

© AFP 2024 / MATTHEW STOCKMANТеннисші Зарина Дияс
Теннисші Зарина Дияс - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2025
Жазылу
Іріктеу турнирі кезінде финалда Зарина Дияс тайбэйлық Лян Эньшуомен кездесіп, 6:3 пен 6:4 есебімен жеңіске жетті
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open чемпионатына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қытайда өткен Australian Open Asia-Pacific іріктеу турнирінде wild card сарапқа салынды. Оны жеңген адам Australian Open чемпионатының негізгі жарыстарына бірден шыға алады.
Іріктеу турнирі кезінде финалда Зарина Дияс тайбэйлық Лян Эньшуомен кездесіп, 6:3 және 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық теннисші Australian Openт жолдамасына ие болды.
Айта кетері, бұған дейін Зарина Дияс Australian Open-нің үшінші айналымына 2014, 2015, 2020 мен 2021 жылдары шыққан болатын. Бұл - оның ең үздік көрсеткіші.
Қазақстандық теннисші Кореяда өткен турнирдің жеңімпазы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2025
Қазақстандық теннисші Кореяда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
0