Қазақстандық теннисші Кореяда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

© Photo : Теннис федерациясыҚазақстандық теннисші Кореяда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Кореяда өткен турнирдің жеңімпазы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2025
Жазылу
Бұл теннисші үшін ITF Juniors синглінің алтыншы жеңісі болды
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. ITF Juniors әлемдік рейтингінде 25-ші орын алған Заңғар Нұрланұлы Чхунчхонда өткен J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис Федерациясы.
Қазақстандық бірінші нөмірмен ойнады. Финалда ол корейлік Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.
Турнир барысында Заңғар өзінің қарсыластарынан бірде-бір сетте кем түспеді. Бұл теннисші үшін ITF Juniors синглінің алтыншы жеңісі болды.
Келесі аптада Зангар Кореяның Вонджу қаласында өтетін турнирде ойнайды. Бұл турнир 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы бейресми Азия чемпионаты болып саналады.
Анна Данилина - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2025
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияда өткен турнирде жеңіске жетті
Жаңалықтар
0