"Жұмыстан шығарылуға тиіс": Тоқаев әкімдердің жауапкершілігін күшейтуді тапсырды

Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр
Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2025
Жазылу
Заңда ауыл басшысын қызметінен босату тетіктері де қарастырылуы қажет
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің жауапкершілігін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде заңнамада әкімнің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін нақтылайтын норма жоқ.
"Бұл – дұрыс емес. Әкімдер тұрғындарға сайлау алдындағы бағдарламасының орындалуы туралы жиі есеп беріп тұруға тиіс. Мұны заңмен бекіту керек", - деді Тоқаев ауыл әкімдерінің форумында.
Оның айтуынша уәдесін орындамайтын, міндетін дұрыс атқармайтын ауыл басшысын қызметінен босату тетіктері де қарастырылуы қажет.
"Ондай әкімдер халықтың талабымен немесе саяси партиялардың ұсынысымен жұмыстан шығарылуға тиіс. Сонда әкім болуға үміткерлер де елге экономикалық негізі жоқ құрғақ уәде бере алмайды. Мұндай жалаң сөздер, яғни популистік әрекеттер халықтың ауыл әкімдеріне, тіпті тұтас сайлау институтына деген сенімін азайтуы мүмкін", - деп атап өтті президент.
Бұдан бөлек, үкімет әкімдердің сайлау алдындағы бағдарламасының экономикалық бөлігіне қойылатын талаптарды айқындайды. Сапалы дайындалған бағдарламаны аймақтың даму жоспарымен үйлестіру мәселесі де қаралады.
Саммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2025
Тоқаев аудан әкімдерін сайлау тәжірибесін мұқият саралауды тапсырды
Жаңалықтар
0