Тоқаев аудан әкімдерін сайлау тәжірибесін мұқият саралауды тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневСаммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года
Саммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2025
Жазылу
Басты мақсат – аудан әкімдерінің сайлауын міндетті түрде өткізу емес, оң нәтижеге қол жеткізу
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аудан әкімдерін сайлау тәжірибесін мұқият саралауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде аудан әкімдерін сайлауға қатысты әртүрлі көзқарас бар. Бірқатар қоғам қайраткері мен белсенділер елде сайлау тым көбейіп бара жатқанын, жұрт саяси науқандардан мезі бола бастағанын айтып отыр.
"Бұл пікірді ауыл және аудан тұрғындары да қолдап жатыр. Сайлау науқандары жергілікті жерде жүргізілуге тиіс нақты жұмыстарға кедергі келтіруі мүмкін деген пайымдар да бар. Бұл пікірлерді ескерген жөн", - деді Тоқаев ауыл әкімдерінің форумында.
Осы уақытқа дейін аудан әкімдерін сайлау тәсілі арқылы 52 әкім сайланды.
"Енді олардың қалай жұмыс істейтінін қарап көру қажет. Аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралау керек. Басты мақсат – аудан әкімдерінің сайлауын міндетті түрде өткізу емес, оң нәтижеге қол жеткізу", - деп атап өтті президент.
Үкімет және парламент депутаттары осы мәселені жан-жақты зерделейді.
Касым-Жомарт Токаев выступил на диалог-платформе сельских акимов в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2025
"Лас саясатқа жол бермейміз": Тоқаев бір палаталы парламент құруға қатысты өз ойын айтты
Жаңалықтар
0