https://sputnik.kz/20251128/las-sayasatqa-zhol-bermeymiz-toqaev-bir-palataly-parlament-quruga-qatysty-oz-oyyn-aytty-59202242.html
"Лас саясатқа жол бермейміз": Тоқаев бір палаталы парламент құруға қатысты өз ойын айтты
"Лас саясатқа жол бермейміз": Тоқаев бір палаталы парламент құруға қатысты өз ойын айтты
Sputnik Қазақстан
Президент цифрландыру, аймақтарды дамыту жұмысымен айналысатын комитеттер өз алдына бөлек болғаны жөн деп санайды 28.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-28T15:26+0500
2025-11-28T15:26+0500
2025-11-28T15:26+0500
парламент
қасым-жомарт тоқаев
реформа
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1c/59200077_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3d1479d47ae12bb70d6c1c331d5e13dc.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Парламенттік реформа аясында Конституцияға көптеген түзету енгізілуі мүмкін. Лас, көлеңкелі саясатпен айналысқысы келетін адамдарға жол берілмейді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде бұл бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ақордаға парламенттің құрылымына қатысты көптеген ұсыныс келіп түскен.Оның айтуынша, бір палаталы жаңа парламентте президенттік квота болмайды. Барлық депутат бірдей тәртіппен сайлануы қажет."Заң шығару органына білікті әрі тәжірибелі мамандар, яғни өз ісінің майталмандары келуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, біз нағыз кәсіби парламентті жасақтауымыз керек. Жаңа комитеттер құру мәселесін қарастыру қажет. Цифрландыру, аймақтарды дамыту жұмысымен айналысатын комитеттер өз алдына бөлек болғаны жөн деп санаймын. Бұл мәселелерді арнайы жұмыс тобы мұқият зерделейді",-деп атап өтті президент.Парламенттік реформа аясында Конституцияға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін."Сондықтан референдум барысында халық жаңа Ата Заңға дауыс береді деп айтсақ, қателеспейміз. Осындай күрделі, жауапты жағдайда елімізде тыныштық, тұрақтылық болуы керек. Құқық қорғау органдары өз кәсібилігін көрсетуі қажет. Арандатушыларға немесе "лас, көлеңкелі" саясатпен айналысқысы келетін адамдарға жол бермейміз",-дейді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20251128/toqaev-auyl-akimderinin-okilettikterin-naqtylau-zhoninde-tapsyrma-berdi-59199790.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1c/59200077_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_fb19e611c44060d2b08ae3bb014c31d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
парламент, қасым-жомарт тоқаев, реформа
парламент, қасым-жомарт тоқаев, реформа
"Лас саясатқа жол бермейміз": Тоқаев бір палаталы парламент құруға қатысты өз ойын айтты
Президент цифрландыру, аймақтарды дамыту жұмысымен айналысатын комитеттер өз алдына бөлек болғаны жөн деп санайды
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Парламенттік реформа аясында Конституцияға көптеген түзету енгізілуі мүмкін. Лас, көлеңкелі саясатпен айналысқысы келетін адамдарға жол берілмейді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде бұл бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ақордаға парламенттің құрылымына қатысты көптеген ұсыныс келіп түскен.
"Мысалы, депутаттардың саны халық санына сәйкес, яғни пропорционалды болуға тиіс деген ойлар айтылып жатыр. Мұндай ұстаныммен қарайтын болсақ, олардың саны 200 адамға жетеді. Қазір қос палатада 148 депутат бар. Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек", - деді Тоқаев ауыл әкімдерінің форумында.
Оның айтуынша, бір палаталы жаңа парламентте президенттік квота болмайды. Барлық депутат бірдей тәртіппен сайлануы қажет.
"Заң шығару органына білікті әрі тәжірибелі мамандар, яғни өз ісінің майталмандары келуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, біз нағыз кәсіби парламентті жасақтауымыз керек. Жаңа комитеттер құру мәселесін қарастыру қажет. Цифрландыру, аймақтарды дамыту жұмысымен айналысатын комитеттер өз алдына бөлек болғаны жөн деп санаймын. Бұл мәселелерді арнайы жұмыс тобы мұқият зерделейді",-деп атап өтті президент.
Парламенттік реформа аясында Конституцияға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін.
"Сондықтан референдум барысында халық жаңа Ата Заңға дауыс береді деп айтсақ, қателеспейміз. Осындай күрделі, жауапты жағдайда елімізде тыныштық, тұрақтылық болуы керек. Құқық қорғау органдары өз кәсібилігін көрсетуі қажет. Арандатушыларға немесе "лас, көлеңкелі" саясатпен айналысқысы келетін адамдарға жол бермейміз",-дейді Тоқаев.