https://sputnik.kz/20251128/toqaev-alem-birinshilikterinde-top-zhargan-zhas-shakhmatshylarmen-kezdesti-59208330.html
Тоқаев әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті
Тоқаев әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті
Sputnik Қазақстан
Жас спортшылардың жетістіктері елімізде шахматтың келешегі зор екенін көрсетеді 28.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-28T19:46+0500
2025-11-28T19:46+0500
2025-11-28T19:46+0500
шахмат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1c/59208165_0:86:1281:806_1920x0_80_0_0_b5dbbd5ef7a93d64615d5f41c18e4b1a.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Кездесуге 8 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы атанған Әдинұр Әділбек пен Алиша Бисалиева, 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуандықұлы, 14 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген Марк Смирнов, 16 жасқа дейінгі санат бойынша әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Эдгар Мамедов, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген Сауат Нұрғалиев қатысты.Мемлекет басшысының айтуынша, жас спортшылардың жетістіктері халықаралық аренада Қазақстанның мерейін үстем етеді әрі елімізде шахматтың келешегі зор екенін көрсетеді. Президент чемпиондардың биік мақсаттарға ұмтылуы қажеттігін жеткізіп, оларға жарқын жеңістер тіледі.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат тақтасына естелік жазба қалдырды.
https://sputnik.kz/20240922/toqaev-shakhmat-olimpiadasynda-kumis-medal-algan-ayelder-quramasyn-quttyqtady-47277996.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1c/59208165_46:0:1234:891_1920x0_80_0_0_186f05e7c6775392a812c7f79207db24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахмат, қасым-жомарт тоқаев
шахмат, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті
Жас спортшылардың жетістіктері елімізде шахматтың келешегі зор екенін көрсетеді
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуге 8 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы атанған Әдинұр Әділбек пен Алиша Бисалиева, 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуандықұлы, 14 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген Марк Смирнов, 16 жасқа дейінгі санат бойынша әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Эдгар Мамедов, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген Сауат Нұрғалиев қатысты.
Мемлекет басшысының айтуынша, жас спортшылардың жетістіктері халықаралық аренада Қазақстанның мерейін үстем етеді әрі елімізде шахматтың келешегі зор екенін көрсетеді. Президент чемпиондардың биік мақсаттарға ұмтылуы қажеттігін жеткізіп, оларға жарқын жеңістер тіледі.
"Шахмат деген үлкен өнер. Сондықтан шахматпен күнделікті, мұқият, арнайы кітаптарды оқи отырып айналысу қажет. Бүгін Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичпен кездесіп отырсыздар. Бұл – Сіздердің бақытты сәттеріңіздің бірі", – деді мемлекет басшысы.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат тақтасына естелік жазба қалдырды.