https://sputnik.kz/20240922/toqaev-shakhmat-olimpiadasynda-kumis-medal-algan-ayelder-quramasyn-quttyqtady-47277996.html
Тоқаев шахмат Олимпиадасында күміс жүлде алған әйелдер құрамасын құттықтады
Тоқаев шахмат Олимпиадасында күміс жүлде алған әйелдер құрамасын құттықтады
Sputnik Қазақстан
Будапештте өткен жарыста қазақстандықтар 18 ұпай жинап, алғаш рет Олимпиада жүлдегері атанды 22.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-22T20:42+0500
2024-09-22T20:42+0500
2024-09-22T20:45+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/34011072_0:151:3106:1898_1920x0_80_0_0_e5ceb9982772d4f5df694eacf7624d3f.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған әйелдер құрамасын құттықтады."2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!" – деп жазды мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.Айта кетсек, 45-ші шахмат Олимпиадасының шешуші турында Қазақстанның әйелдер құрамасы АҚШ командасымен бақ сынасты. Будапештте өткен жарыста қазақстандықтар 18 ұпай жинап, алғаш рет Олимпиада жүлдегері атанып отыр. Ұлттық құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Амина Қайырбекова қорғады. Жарысқа барлығы 188 елдің командасы қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/34011072_188:0:2919:2048_1920x0_80_0_0_22966fa248ddf562ce2630d5bee5cb70.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев шахмат Олимпиадасында күміс жүлде алған әйелдер құрамасын құттықтады
20:42 22.09.2024 (жаңартылды: 20:45 22.09.2024) Будапештте өткен жарыста қазақстандықтар 18 ұпай жинап, алғаш рет Олимпиада жүлдегері атанды
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған әйелдер құрамасын құттықтады.
"2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!" – деп жазды мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.
Айта кетсек, 45-ші шахмат Олимпиадасының шешуші турында Қазақстанның әйелдер құрамасы АҚШ командасымен бақ сынасты. Будапештте өткен жарыста қазақстандықтар 18 ұпай жинап, алғаш рет Олимпиада жүлдегері атанып отыр. Ұлттық құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Амина Қайырбекова қорғады. Жарысқа барлығы 188 елдің командасы қатысты.