https://sputnik.kz/20251128/samuryq-qazyna-120-mlrd-tengeden-astam-qarazhatty-tiimsiz-zhosparlagan-59189908.html
"Самұрық-Қазына" 120 млрд теңгеден астам қаражатты тиімсіз жоспарлаған
"Самұрық-Қазына" 120 млрд теңгеден астам қаражатты тиімсіз жоспарлаған
Sputnik Қазақстан
Жалпы аудит қорытындысы бойынша 351,8 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды 28.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-28T10:16+0500
2025-11-28T10:16+0500
2025-11-28T10:24+0500
жоғары аудиторлық палата
самұрық-қазына
қаржыландыру
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1c/59187719_0:134:2560:1574_1920x0_80_0_0_251728df430b230ebe834b7be06bb1d9.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Жоғары аудиторлық палата "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның еншілес ұйымдарындағы мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді.Тексеру шаралары Қордың корпоративтік орталық ретіндегі қызметін, сондай-ақ "Қазатомөнеркәсіп", "Samruk-Kazyna Ondeu" және басқа да бірқатар компанияны қамтыды.Бұл төлемдерге қосымша қор тағы 673 млрд теңгеге Қазақстан президенті мен үкіметінің тапсырмаларын іске асырды.Сонымен бірге аудиторлар қордың компаниялар тобындағы стратегиялық жоспарлау мен басқарудағы кемшіліктерді анықтады.2018-2021 жылдарға арналған қорды трансформациялау бағдарламасының 8 компанияны шетелдік аналогтардың тиімділік деңгейіне шығару мақсаты орындалмаған. Бағдарламадан түскен нақты пайда көлемі 154,5 млрд теңге, яғни жоспарланған мөлшерден екі есе төмен.Жүргізілген аудит кезінде компания ақпараттың жүйені толық пайдаланбайтыны, корпоративтік басқару деңгейінің жеткіліксіздігі, ішкі нормативтік құжаттарды жүйелеуге жеткілікті көңіл бөлінбейтіні,комитеттер жұмыс істемейтіні, холдингтің құрылымы тым күрделі күйге жеткені анықталды.Сондай-ақ инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды түбегейлі күшейту қажет, себебі 2020 жылдан 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін қор тобының 175 жобасының тек 49-ы ғана аяқталған.Жалпы аудит қорытындысы бойынша:Бірқатар материал әкімшілік іс қозғау үшін жолданды, ал анықталған жекелеген бұзушылықтар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.
https://sputnik.kz/20251114/zhogary-auditorlyq-palatanyn-nusqamalaryn-oryndamagan-akim-orynbasarlary-zhauapqa-tartyldy-58750260.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1c/59187719_142:0:2418:1707_1920x0_80_0_0_e81101a3e60dc5692284fb56aafd5201.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоғары аудиторлық палата, самұрық-қазына, қаржыландыру
жоғары аудиторлық палата, самұрық-қазына, қаржыландыру
"Самұрық-Қазына" 120 млрд теңгеден астам қаражатты тиімсіз жоспарлаған
10:16 28.11.2025 (жаңартылды: 10:24 28.11.2025) Жалпы аудит қорытындысы бойынша 351,8 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Жоғары аудиторлық палата "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның еншілес ұйымдарындағы мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді.
Тексеру шаралары Қордың корпоративтік орталық ретіндегі қызметін, сондай-ақ "Қазатомөнеркәсіп", "Samruk-Kazyna Ondeu" және басқа да бірқатар компанияны қамтыды.
"2024 жылдың қорытындысы бойынша Қордың компаниялар тобының кірісі 16,5 трлн теңгені, ал холдингтің компаниялар тобының шоғырландырылған таза пайдасы 2,4 трлн теңгені құрады. Аудит қамтыған кезеңде холдинг мемлекетке 2,37 трлн теңге төлеген, оның 779,9 млрд теңгесі дивидендтер түрінде, 1,6 трлн теңгесі активтерді бәсекелестік ортаға беру есебінен аударылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл төлемдерге қосымша қор тағы 673 млрд теңгеге Қазақстан президенті мен үкіметінің тапсырмаларын іске асырды.
Сонымен бірге аудиторлар қордың компаниялар тобындағы стратегиялық жоспарлау мен басқарудағы кемшіліктерді анықтады.
2018-2021 жылдарға арналған қорды трансформациялау бағдарламасының 8 компанияны шетелдік аналогтардың тиімділік деңгейіне шығару мақсаты орындалмаған. Бағдарламадан түскен нақты пайда көлемі 154,5 млрд теңге, яғни жоспарланған мөлшерден екі есе төмен.
Жүргізілген аудит кезінде компания ақпараттың жүйені толық пайдаланбайтыны, корпоративтік басқару деңгейінің жеткіліксіздігі, ішкі нормативтік құжаттарды жүйелеуге жеткілікті көңіл бөлінбейтіні,комитеттер жұмыс істемейтіні, холдингтің құрылымы тым күрделі күйге жеткені анықталды.
"Қор тобына 6 деңгейге бөлінген 326 компания кіреді. 2020-2024 жылдары қор тобында 23 белсенді емес компания болған, ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41 компания шығынмен аяқтаған. Бұл активтер құрылымын оңтайландырудың және оларды тиімді басқарудың маңызды әлеуетін көрсетеді", - дейді аудиторлар.
Сондай-ақ инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды түбегейлі күшейту қажет, себебі 2020 жылдан 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін қор тобының 175 жобасының тек 49-ы ғана аяқталған.
Жалпы аудит қорытындысы бойынша:
351,8 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар;
122,2 млрд теңге сомасында тиімсіз жоспарлау және қаражатты пайдалану фактілері анықталды;
119 жүйелік кемшілік тіркелді.
Бірқатар материал әкімшілік іс қозғау үшін жолданды, ал анықталған жекелеген бұзушылықтар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.