https://sputnik.kz/20251114/zhogary-auditorlyq-palatanyn-nusqamalaryn-oryndamagan-akim-orynbasarlary-zhauapqa-tartyldy-58750260.html
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамаған әкім орынбасарлары жауапқа тартылды
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамаған әкім орынбасарлары жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны үшін 18 лауазымды адам және 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауапқа тартылды... 14.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-14T09:12+0500
2025-11-14T09:12+0500
2025-11-14T09:12+0500
жоғары аудиторлық палата
әкім орынбасары
заң
https://sputnik.kz/img/07e9/03/07/51414849_21:179:1110:791_1920x0_80_0_0_224e604a3f9d8601d4fb185c36bb4d06.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны үшін 18 лауазымды адам және 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Мәселен, 1 қазандағы жағдай бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін:Сондай-ақ "Семей" ӘКК" АҚ-ның жауапты қызметкерлері, бірқатар облыстың басқарма басшылары, бірқатар қаланың бөлім меңгерушілері, жекелеген министрліктердің департамент директорларына және т.б. әкімшілік жаза қолданылды.Сонымен қатар 4 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Олар: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, Қызылорда облысы әкімінің аппараты.Аталған кезеңде Жоғары аудиторлық палата нұсқамаларының 4 тармағын орындамауға байланысты Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әкімдіктеріне қатысты сотқа талап қою бастамасы көтерілді. Мәселелер қаралу сатысында тұр.Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы – жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша нақты бұзушылықтар немесе кемшіліктер анықталған жағдайда берілетін ресми мемлекеттік құжат. Құжатта нені түзету керек, кім жауапты және қандай мерзімде шара қабылдау керек екені нақты көрсетіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/07/51414849_47:0:1186:854_1920x0_80_0_0_ad04ee2a1907004f3960e162c48a0c8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоғары аудиторлық палата, әкім орынбасары, заң
жоғары аудиторлық палата, әкім орынбасары, заң
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны үшін 18 лауазымды адам және 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мәселен, 1 қазандағы жағдай бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін:
Ұлытау облысы әкімінің орынбасары;
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары;
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары;
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сондай-ақ "Семей" ӘКК" АҚ-ның жауапты қызметкерлері, бірқатар облыстың басқарма басшылары, бірқатар қаланың бөлім меңгерушілері, жекелеген министрліктердің департамент директорларына және т.б. әкімшілік жаза қолданылды.
Сонымен қатар 4 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Олар: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, Қызылорда облысы әкімінің аппараты.
Аталған кезеңде Жоғары аудиторлық палата нұсқамаларының 4 тармағын орындамауға байланысты Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әкімдіктеріне қатысты сотқа талап қою бастамасы көтерілді. Мәселелер қаралу сатысында тұр.
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы – жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша нақты бұзушылықтар немесе кемшіліктер анықталған жағдайда берілетін ресми мемлекеттік құжат. Құжатта нені түзету керек, кім жауапты және қандай мерзімде шара қабылдау керек екені нақты көрсетіледі.