https://sputnik.kz/20251128/qyr-sonynan-qalmagan-algash-ret-stalking-boyynsha-qylmystyq-is-qozgaldy-59206380.html
Бұрынғы сүйіктісінің қыр соңынан қалмаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды
Бұрынғы сүйіктісінің қыр соңынан қалмаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
44 жастағы әйелді бірнеше ай бойы бұрынғы жігіті мазалаған 28.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-28T17:36+0500
2025-11-28T17:36+0500
2025-11-28T17:41+0500
қылмыстық іс
аңду
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_512f56384a390d33e6fa1600b1dd09bb.jpg
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Ақмола облысында бұрынғы ғашығының артынан қалмаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Мезі болған әйел полицияға шағым түсірген. Оқиға Бұланды ауданы Макинск ауылында болған.Бұған дейін полиция ер адамға жәбірленушіге жақындамау туралы ұйғарым да шығарған. Алайда оған құлақ аспаған. Оған Қылмыстық Кодекстің 115-1-бабы "Сталкинг" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Алайда жәбірленуші істі тоқтату туралы өтініш беріп, тергеу ары қарай жүргізілмеген.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сталкинг жасағаны үшін қылмыстық бап биыл шілдеде енгізілген. Жаңа норма азаматтарды заңсыз қудалаудан қорғауға бағытталған.
https://sputnik.kz/20250924/turgynnyn-izine-tusken-atyrauda-algash-ret-stalking-baby-boyynsha-qylmystyq-is-tirkeldi-57338073.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_fe18e064bf9eb935f2d3d8fe55246177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық іс, аңду, ақмола облысы
қылмыстық іс, аңду, ақмола облысы
Бұрынғы сүйіктісінің қыр соңынан қалмаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды
17:36 28.11.2025 (жаңартылды: 17:41 28.11.2025) 44 жастағы әйелді бірнеше ай бойы бұрынғы жігіті мазалаған
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Ақмола облысында бұрынғы ғашығының артынан қалмаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Мезі болған әйел полицияға шағым түсірген. Оқиға Бұланды ауданы Макинск ауылында болған.
"44 жастағы әйелді бірнеше ай бойы бұрынғы жігіті оны мәжбүрлеп қуып, әртүрлі нөмірлерден ұялы телефонына қоңырау шалып, жұмысқа, тұрғылықты жеріне келіп, қоғамдық орындарда "күтетінін" айтып мазалай берген. 38 жастағы ер адам ғашығын әбден үрейлендірген", - дейді ведомство.
Бұған дейін полиция ер адамға жәбірленушіге жақындамау туралы ұйғарым да шығарған. Алайда оған құлақ аспаған. Оған Қылмыстық Кодекстің 115-1-бабы "Сталкинг" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Алайда жәбірленуші істі тоқтату туралы өтініш беріп, тергеу ары қарай жүргізілмеген.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сталкинг жасағаны үшін қылмыстық бап биыл шілдеде енгізілген. Жаңа норма азаматтарды заңсыз қудалаудан қорғауға бағытталған.