https://sputnik.kz/20251128/mangystauda-alayaqtyqpen-aynalysqan-kolik-prokuraturasynyn-buryngy-qyzmetkeri-sottaldy-59179493.html
Маңғыстауда алаяқтықпен айналысқан көлік прокуратурасының бұрынғы қызметкері сотталды
Маңғыстауда алаяқтықпен айналысқан көлік прокуратурасының бұрынғы қызметкері сотталды
Sputnik Қазақстан
Іс бойынша екінші айыпталушы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды 28.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-28T08:43+0500
2025-11-28T08:43+0500
2025-11-28T08:43+0500
маңғыстау облысы
сот үкімі
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Сот облыстық көлік прокуратурасының қызметкері қатысқан алаяқтық ісі бойынша сот отырысын аяқтады. Бұрынғы мемлекеттік қызметкер кінәлі деп танылып, жазаға тартылды, деп хабарлайды Lada.kz.Тергеушілердің айтуынша, айыпталушылар алдын ала сөз байласып, қылмыстық іс бойынша үкім шығаруға ықпал етуге уәде етіп, жәбірленушіден 2,5 миллион теңге талап еткен. Сот отырысы барысында екі тарап та кінәсін мойындап, өкінгенін білдірді.Сот айыпталушылардың бірі кәсіби этиканы бұзған деп санады, ал жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауы, өкінуі және жас балаларының болуын есепке алды.Іс бойынша екінші айыпталушы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.Үкім әлі күшіне енген жоқ және сот үкіміне екі тарап та шағымдана алады.
https://sputnik.kz/20251126/keltirilgen-zalal-49-mln-tengeden-asty-adamdardy-zhalgan-zhumysqa-ornalastyrgandar-sottaldy-59112765.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, сот үкімі, прокуратура
маңғыстау облысы, сот үкімі, прокуратура
Маңғыстауда алаяқтықпен айналысқан көлік прокуратурасының бұрынғы қызметкері сотталды
Іс бойынша екінші айыпталушы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Сот облыстық көлік прокуратурасының қызметкері қатысқан алаяқтық ісі бойынша сот отырысын аяқтады. Бұрынғы мемлекеттік қызметкер кінәлі деп танылып, жазаға тартылды, деп хабарлайды Lada.kz.
Тергеушілердің айтуынша, айыпталушылар алдын ала сөз байласып, қылмыстық іс бойынша үкім шығаруға ықпал етуге уәде етіп, жәбірленушіден 2,5 миллион теңге талап еткен. Сот отырысы барысында екі тарап та кінәсін мойындап, өкінгенін білдірді.
Сот айыпталушылардың бірі кәсіби этиканы бұзған деп санады, ал жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауы, өкінуі және жас балаларының болуын есепке алды.
"Экс-прокурор 2 жыл 7 айға бас бостандығынан айыру және әкімдіктерде, Ұлттық банкте және квазимемлекеттік секторда мемлекеттік қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салу жазасына кесілді", - деп жазылған хабарламада.
Іс бойынша екінші айыпталушы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Үкім әлі күшіне енген жоқ және сот үкіміне екі тарап та шағымдана алады.