https://sputnik.kz/20251126/keltirilgen-zalal-49-mln-tengeden-asty-adamdardy-zhalgan-zhumysqa-ornalastyrgandar-sottaldy-59112765.html
Келтірілген залал 49 млн теңгеден асты: адамдарды жалған жұмысқа орналастырғандар сотталды
Келтірілген залал 49 млн теңгеден асты: адамдарды жалған жұмысқа орналастырғандар сотталды
Sputnik Қазақстан
Кәсіпкерлер өздерінің таныстары мен туыстарын тартып, мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысады деген желеумен банктік шот ашуды ұсынған 26.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-26T10:57+0500
2025-11-26T10:57+0500
2025-11-26T11:05+0500
түркістан
сот
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Түркістанда жұмысқа орналастырылған азаматтардың жалақысын субсидиялау үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырғандарға сот үкімі шықты.Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлауынша, "Еңбек мобильділігі орталығы" - ның бұрынғы директоры, "Жұмыс берушілерді қолдау" бөлімінің қызметкері, сондай-ақ бірқатар коммерциялық ұйымдардың басшылары сотталды. Олар азаматтарды субсидияланатын жұмыс орындарына жалған рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.Кәсіпкерлер өздерінің таныстары мен туыстарын тартып, мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысады деген желеумен банктік шот ашуды ұсынған. Шын мәнінде, бұл шоттар жалған қызметкерлерге төлем жасау үшін пайдаланылған.Ай сайын жүйеге жалған жұмыс уақытын есепке алу табельдері енгізілген. Осы құжаттар негізінде қаражат "жұмысшылардың" шоттарына аударылып отырған. Алынған қаражат кәсіпкерлермен қолма-қол ақшаға айналдырылып, бөлім қызметкеріне берілген, кейін ол қаражатты схемаға қатысушылар арасында бөлген.Нәтижесінде 78 адам жалған еңбекке орналастырылған. Мемлекетке келтірілген залал 49 млн теңгеден асты.Сонымен қатар, мемлекетке келтірілген залал сотталушылар тарапынан толық көлемде өтелді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20251122/ozinin-bank-kartasyn-qylmyskerlerge-bergen-pavlodarlyq-sottaldy-59019455.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, сот, алаяқтық
Келтірілген залал 49 млн теңгеден асты: адамдарды жалған жұмысқа орналастырғандар сотталды
10:57 26.11.2025 (жаңартылды: 11:05 26.11.2025) Кәсіпкерлер өздерінің таныстары мен туыстарын тартып, мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысады деген желеумен банктік шот ашуды ұсынған
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Түркістанда жұмысқа орналастырылған азаматтардың жалақысын субсидиялау үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырғандарға сот үкімі шықты.
Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлауынша, "Еңбек мобильділігі орталығы" - ның бұрынғы директоры, "Жұмыс берушілерді қолдау" бөлімінің қызметкері, сондай-ақ бірқатар коммерциялық ұйымдардың басшылары сотталды. Олар азаматтарды субсидияланатын жұмыс орындарына жалған рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.
"Орталық қызметкері кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін өтінімдер берген. Өтінімдерде жалған лауазымдар көрсетілген. Олар мақұлданғаннан кейін, еңбек міндеттерін іс жүзінде орындамаған азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар рәсімделген", - деп жазылған хабарламада.
Кәсіпкерлер өздерінің таныстары мен туыстарын тартып, мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысады деген желеумен банктік шот ашуды ұсынған. Шын мәнінде, бұл шоттар жалған қызметкерлерге төлем жасау үшін пайдаланылған.
Ай сайын жүйеге жалған жұмыс уақытын есепке алу табельдері енгізілген. Осы құжаттар негізінде қаражат "жұмысшылардың" шоттарына аударылып отырған. Алынған қаражат кәсіпкерлермен қолма-қол ақшаға айналдырылып, бөлім қызметкеріне берілген, кейін ол қаражатты схемаға қатысушылар арасында бөлген.
Нәтижесінде 78 адам жалған еңбекке орналастырылған. Мемлекетке келтірілген залал 49 млн теңгеден асты.
"Соттың үкімімен үш кінәлі адамға 4 жыл 6 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екі кәсіпкерге 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мемлекетке келтірілген залал сотталушылар тарапынан толық көлемде өтелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.