https://sputnik.kz/20251122/ozinin-bank-kartasyn-qylmyskerlerge-bergen-pavlodarlyq-sottaldy-59019455.html
Өзінің банк картасын қылмыскерлерге берген павлодарлық сотталды
Өзінің банк картасын қылмыскерлерге берген павлодарлық сотталды
Sputnik Қазақстан
Картаны пайдаланған алаяқтар азаматтардан ұрланған 1,2 млн теңгені қолма-қол шешіп алған 22.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-22T19:32+0500
2025-11-22T19:32+0500
2025-11-22T19:32+0500
банк
алаяқ
алаяқтық
қылмыс
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Алаяқтарға қолма-қол ақша шығарып беруге көмектескен павлодарлық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.Павлодар қалалық соты ақшаны заңсыз айналымға шығару схемасына қатысы бар Ақсу қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды.Бұл тұрғын алаяқтық операцияларды жүзеге асыруға ықпал етіп, жәбірленушілерге айтарлықтай материалдық шығын келтірген. Сот үкімімен ер адамға бостандықты шектеу жазасы тағайындалды. Үкімді орындау аясында пробация қызметкерлері оның мекенжайын және міндеттемелерді орындауын бақылау үшін сотталушыға электронды қадағалау білезігін тақты."Банк карталарын, деректемелерді беру немесе күмәнді қаржы схемаларына қатысу қылмыстық жауапкершілікке және ауыр құқықтық салдарға әкеледі", — деді Ақсу қаласының пробация қызметінің бастығы Олжас Қалымов.
https://sputnik.kz/20250904/tarazda-dropper-student-2-mln-tengeden-astam-qarzhyny-qaytaruga-mindetteldi-56817589.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, алаяқ, алаяқтық, қылмыс
банк, алаяқ, алаяқтық, қылмыс
Өзінің банк картасын қылмыскерлерге берген павлодарлық сотталды
Картаны пайдаланған алаяқтар азаматтардан ұрланған 1,2 млн теңгені қолма-қол шешіп алған
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Алаяқтарға қолма-қол ақша шығарып беруге көмектескен павлодарлық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қалалық соты ақшаны заңсыз айналымға шығару схемасына қатысы бар Ақсу қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды.
"Сотталушы өзіне тиесілі банк карталарын және дербес мәліметтерін қылмыстық топқа берген. Картаны пайдаланған алаяқтар азаматтардан ұрланған 1 200 000 теңгені қолма-қол шешіп алған", - дейді ведомство.
Бұл тұрғын алаяқтық операцияларды жүзеге асыруға ықпал етіп, жәбірленушілерге айтарлықтай материалдық шығын келтірген. Сот үкімімен ер адамға бостандықты шектеу жазасы тағайындалды. Үкімді орындау аясында пробация қызметкерлері оның мекенжайын және міндеттемелерді орындауын бақылау үшін сотталушыға электронды қадағалау білезігін тақты.
"Банк карталарын, деректемелерді беру немесе күмәнді қаржы схемаларына қатысу қылмыстық жауапкершілікке және ауыр құқықтық салдарға әкеледі", — деді Ақсу қаласының пробация қызметінің бастығы Олжас Қалымов.