Шымкентте әйелдің жағын сындырған ер адам сотталып кетті

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Жазылу
Ол әйелдің бет тұсынан бірнеше рет ұрған
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Шымкентте өзімен бірге тұратын әйелдің жағын сындырған ер адам 1 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды қалалық сот.
Соттың мәліметінше О. 2024 жылдың 1 мамырында кешкі уақытта Шымкент қаласы Жаңаталап шағын ауданында орналасқан үйде әйелдің бет тұсынан бірнеше рет ұрып, иегін сындырған. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына орташа зиян келтірген.
"Жәбірленуші сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді және азаматтық талап арызды қанағаттандыруды талап етті. Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, өзін ақтауды сұрады", - деп жазылған хабарламада.
Сот сотталушының кінәсін ішінара мойындағанын қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды, ал ауырлататын мән-жай анықталмады.
Сот О.-ны Қылмыстық кодекстің 107-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енбеді.
Марқұм Айзаттың тұрған үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
"Қызымды сүйрелеген": Жетісуда азаппен өлген әйелдің анасы оқиғаның мән-жайын айтты
Жаңалықтар
0