https://sputnik.kz/20251127/kriptovalyuta-punktterinde-qanday-aktivterdi-ayyrbastauga-bolady--ulttyq-bank-zhauaby-59173899.html
Криптовалюта пункттерінде қандай активтерді айырбастауға болады – ұлттық банк жауабы
Криптовалюта пункттерінде қандай активтерді айырбастауға болады – ұлттық банк жауабы
Sputnik Қазақстан
Келесі жылы Қазақстанда криптовалютаны айырбастауға рұқсат беріледі 27.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-27T18:16+0500
2025-11-27T18:16+0500
2025-11-27T18:16+0500
криптовалюта
биткоин
https://sputnik.kz/img/444/15/4441514_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_fa083d63fe9e7b7d14542a64e5a1681e.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда ашылатын криптовалюта пункттерінде қандай активтерді айырбастауға болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Келесі жылы сәуір айынан бастап республика бойынша криптовалюта айырбастау пункттерін ашуға рұқсат беріледі. Ондай қызметті қазіргі валюта айырбастау пункттері негізінде ұсынуға да болады.Оның айтуынша, айырбастау пункттерінде тек нақты криптовалюталар сатылады."Ал, ең бастысы, "Астана" халықаралық қаржы орталығындағы биржадан сатып алынған криптовалюта ғана заңды болып саналады. Қалғаны заңсыз және қылмыстық қудалауға ұшырайды", - деп ескертті Шолпанқұлов.
https://sputnik.kz/20251127/qazaqstanda-kriptovalyuta-ayyrbastau-punktteri-qashan-ashylady-59172451.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/444/15/4441514_221:0:2952:2048_1920x0_80_0_0_17081deed2314670631692edbb44769c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
криптовалюта, биткоин
Криптовалюта пункттерінде қандай активтерді айырбастауға болады – ұлттық банк жауабы
Келесі жылы Қазақстанда криптовалютаны айырбастауға рұқсат беріледі
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда ашылатын криптовалюта пункттерінде қандай активтерді айырбастауға болатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келесі жылы сәуір айынан бастап республика бойынша криптовалюта айырбастау пункттерін ашуға рұқсат беріледі. Ондай қызметті қазіргі валюта айырбастау пункттері негізінде ұсынуға да болады.
"Криптовалюта айырбастау пунктінде кассир отыруы мүмкін. Бірақ қолма-қол ақшамен көп жұмыс істемейді, аккаунт ашуға және ақшаны аударуға көмектеседі. Артынан адам криптобиражаның қатысушысы болса, криптовалютаны өзі сатып алады. Сосын криптовалюта айырбастау пунттерінде криптоматтар орнатылуы мүмкін. Соған ақшасын немесе карточкасын салып, криптовалютаны сатып алуға мүмкіндік беріледі",-деді Шолпанқұлов сенатта өткен жиында.
Оның айтуынша, айырбастау пункттерінде тек нақты криптовалюталар сатылады.
"Ал, ең бастысы, "Астана" халықаралық қаржы орталығындағы биржадан сатып алынған криптовалюта ғана заңды болып саналады. Қалғаны заңсыз және қылмыстық қудалауға ұшырайды", - деп ескертті Шолпанқұлов.