https://sputnik.kz/20251127/aqmola-oblysynda-ata-anasyn-aldagan-bozbalaga-qylmystyq-is-qozgaldy-59176266.html
Ақмола облысында ата-анасын алдаған бозбалаға қылмыстық іс қозғалды
Ақмола облысында ата-анасын алдаған бозбалаға қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
Жас жігіт ата-анасына да, полицияға да өтірік айтқаны анықталды 27.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-27T21:06+0500
2025-11-27T21:06+0500
2025-11-27T21:06+0500
ақмола облысы
алаяқтық
бозбала
https://sputnik.kz/img/708/04/7080404_0:146:1921:1226_1920x0_80_0_0_fe5bd4d414976389ff2d37bd27e8ec00.jpg
АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Ақмола облысындағы Қосшы қаласында ата-анасын алдаған 18 жастағы жігітке қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.26 қарашада полицияға Қосшы қаласының 45 жастағы тұрғыны жүгінген.Полиция дереу күдіктіні іздеуге кіріседі. Алайда бозбаланың сөзі ұйқаспай, полицияның күмәнін туғызады.Жүкті қызға ақша тауып беру үшін досының қымбат телефонын кепілге қойғанын айтқан. Алайда полиция бозбаланың сөзі жалған екенін анықтаған. Бопсалау да, жүкті қыз да болмаған."18 жастағы тұрғын қараша айының басында екі досымен бірге жалға автокөлік алған, ол үшін күн сайын 50 мың теңге төлеу қажет болған. Қарыз өсіп кетеді, бірақ ата-аналарынан жасырады. Ақшаны алу үшін олар әртүрлі сылтау ойлап тапқан. Қазіргі уақытта "Алаяқтық" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Ақмола облыстық полиция департаменті.
https://sputnik.kz/20250403/otirik-aytqan-kuager-55-zhylga-sottalyp-ketti-52182449.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/708/04/7080404_46:0:1874:1371_1920x0_80_0_0_b1fa7db9dbe189b49c71da7d09b712f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, алаяқтық, бозбала
ақмола облысы, алаяқтық, бозбала
Ақмола облысында ата-анасын алдаған бозбалаға қылмыстық іс қозғалды
Жас жігіт ата-анасына да, полицияға да өтірік айтқаны анықталды
АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Ақмола облысындағы Қосшы қаласында ата-анасын алдаған 18 жастағы жігітке қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
26 қарашада полицияға Қосшы қаласының 45 жастағы тұрғыны жүгінген.
"Әйел белгісіз адамдар ұлынан 2 миллион теңгеге жуық ақша бопсалап жатқанын айтып шағымданды", - дейді ведомство.
Полиция дереу күдіктіні іздеуге кіріседі. Алайда бозбаланың сөзі ұйқаспай, полицияның күмәнін туғызады.
"Бастапқыда анасы белгісіз біреулер ұлынан үлкен соманы талап еткенін мәлімдеді. Бірақ көп ұзамай жас жігіт полицияға қызы жүкті болып қалып, ақша іздеуге мәжбүр болғанын айтты", - дейді полиция.
Жүкті қызға ақша тауып беру үшін досының қымбат телефонын кепілге қойғанын айтқан. Алайда полиция бозбаланың сөзі жалған екенін анықтаған. Бопсалау да, жүкті қыз да болмаған.
"18 жастағы тұрғын қараша айының басында екі досымен бірге жалға автокөлік алған, ол үшін күн сайын 50 мың теңге төлеу қажет болған. Қарыз өсіп кетеді, бірақ ата-аналарынан жасырады. Ақшаны алу үшін олар әртүрлі сылтау ойлап тапқан. Қазіргі уақытта "Алаяқтық" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Ақмола облыстық полиция департаменті.