Өтірік айтқан куәгер 5,5 жылға сотталып кетті

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Жазылу
Ол бұзақылық және адам ұрлау қылмыстары бойынша сот барысында екі рет жалған жауап берген
АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында жалған жауап беріп, сотты шатастырған куәгер сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Ол бұзақылық және адам ұрлау қылмыстары бойынша сот барысында екі рет жалған жауап берген. Мақсаты сотталушыны аса ауыр санаттағы қылмыстық жауаптылықтан босату болған.
"Куәгер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауабын өзгертіп, сотты жаңылыстырған. Былтыр 7 тамызда сот аталған қылмыстарды жасаған сотталушыға 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесіп, куәге қатысты қылмыстық іс қозғау қажеттігін қарастыру туралы жекеше қаулы шығарған", - дейді ведомство.
Cот барысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденген.
"Сотта куә ретінде жауап берген азамат аса ауыр қылмыстық істі қарау барысында қасақана жалған айғақтар бергені үшін Қылмыстық кодекстің 420-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деп жазды прокуратура.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2023
Өңірлер
Маңғыстауда куәгер жалған сөйлегені үшін сотталды
Жаңалықтар
0