https://sputnik.kz/20251126/qyrgyzstanga-memlekettik-sapar-vladimir-putin-sadyr-zhaparovpen-kelissozder-zhurgizdi-59120546.html
Қырғызстанға мемлекеттік сапар: Владимир Путин Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізді
Қырғызстанға мемлекеттік сапар: Владимир Путин Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізді
Sputnik Қазақстан
Ресей президенті Бішкекке мемлекеттік сапармен барды 26.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-26T14:35+0500
2025-11-26T14:35+0500
2025-11-26T14:36+0500
қырғызстан
ресей
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1a/59119285_0:0:2950:1659_1920x0_80_0_0_9d594188a7a2cb7327e23ae1f44bdd0a.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин қырғыз әріптесі Садыр Жапаровты екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша бағдарларды нақтылауға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.Екіжақты келіссөздер барысында Ресейдің Қырғызстанда мектептер салу мәселесі көтерілді. Путиннің айтуынша, Қырғызстанда орыс тілінде оқытатын алғашқы үш мектеп 2027 жылдың 1 қыркүйегінде ашылады."2023 жылы біз Қырғызстанда орыс тілінде оқытатын тоғыз орта мектеп салу бойынша ірі бірлескен жобаны бастадық. Алғашқы үш мектеп 2027 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ашылуы керек", - деді Путин.Ресей президентінің айтуынша, "Шетелдегі Ресей мұғалімі" бағдарламасы аясында Қырғызстандағы 42 мектепте 157 ресейлік педагог жұмыс істейді.Экономика туралы айта келе, Путин Қырғызстанда Ресейдің қатысуымен 1500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейтінін айтты.Путиннің айтуынша, 2024 жылы екі ел арасындағы сауда 13,6%-ға өсіп, рекордтық 4,1 миллиард долларға жетті.Владимир Путин сонымен қатар Садыр Жапаровпен келіссөздерінен кейін негізгі құжаттар пакетіне қол қойылатынын мәлімдеді."Сауда-экономикалық, білім беру, көші-қон және басқа да салалардағы негізгі үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар пакетіне қол қойылады", - деді Путин.
https://sputnik.kz/20251125/bishkekte-uqshu-sammiti-otedi-putin-qyrgyzstanga-bardy-59105734.html
қырғызстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1a/59119285_66:0:2797:2048_1920x0_80_0_0_e2d7a4a6e9074252b18d6e3b0a554d7e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қырғызстан, ресей, президент
қырғызстан, ресей, президент
Қырғызстанға мемлекеттік сапар: Владимир Путин Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізді
14:35 26.11.2025 (жаңартылды: 14:36 26.11.2025) Ресей президенті Бішкекке мемлекеттік сапармен барды
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин қырғыз әріптесі Садыр Жапаровты екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша бағдарларды нақтылауға шақырды, деп хабарлайды
РИА Новости.
"Бүгін біз көп қырлы екіжақты күн тәртібін мұқият қарастырып, жан-жақты ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдету бойынша бағдарларды нақтылай аламыз", - деді Путин.
Екіжақты келіссөздер барысында Ресейдің Қырғызстанда мектептер салу мәселесі көтерілді. Путиннің айтуынша, Қырғызстанда орыс тілінде оқытатын алғашқы үш мектеп 2027 жылдың 1 қыркүйегінде ашылады.
"2023 жылы біз Қырғызстанда орыс тілінде оқытатын тоғыз орта мектеп салу бойынша ірі бірлескен жобаны бастадық. Алғашқы үш мектеп 2027 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ашылуы керек", - деді Путин.
Ресей президентінің айтуынша, "Шетелдегі Ресей мұғалімі" бағдарламасы аясында Қырғызстандағы 42 мектепте 157 ресейлік педагог жұмыс істейді.
Экономика туралы айта келе, Путин Қырғызстанда Ресейдің қатысуымен 1500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейтінін айтты.
Путиннің айтуынша, 2024 жылы екі ел арасындағы сауда 13,6%-ға өсіп, рекордтық 4,1 миллиард долларға жетті.
"2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ол тағы 17%-ға өсті", - деді Ресей президенті.
Владимир Путин сонымен қатар Садыр Жапаровпен келіссөздерінен кейін негізгі құжаттар пакетіне қол қойылатынын мәлімдеді.
"Сауда-экономикалық, білім беру, көші-қон және басқа да салалардағы негізгі үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар пакетіне қол қойылады", - деді Путин.