Бішкекте ҰҚШҰ саммиті өтеді: Путин Қырғызстанға барды

© POOL / Медиабанкке өтуПрезидент Владимир Путин провел заседание Совбеза РФ
Президент Владимир Путин провел заседание Совбеза РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2025
Жазылу
Ол бүгін Ала-Арча резиденциясында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен бейресми жеке кездесу өткізеді
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанға мемлекеттік сапармен және ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін барды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей басшысы Қырғызстанда 25-27 қараша аралығында жұмыс істейді. Сейсенбі күні ол Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен бірге Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қояды. Содан кейін екі президент Ала-Арча резиденциясында бейресми жеке кездесу өткізеді, деп хабарлады Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Бұған дейін хабарлағанымздай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндаған болатын.
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады
Жаңалықтар
0