Каспий құбыр консорциумы терминалына шабуыл жасалды: мұнай қайта жөнелтіле бастады

© Photo : Пресс-служба "Каспийского трубопроводного консорциума" (КТК)Выносные причальные устройства КТК в порту Новороссийска
Выносные причальные устройства КТК в порту Новороссийска - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Жазылу
Қазақстан мұнайының 80%-і Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортталады
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Украиналық дрондардың шабуылынан кейін Каспий құбыр консорциумы терминалында мұнай Астана уақыты бойынша сағат 02.00-де 26 қарашада қайта жөнелтіле бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 қарашада түнде жасалған дрондар соққысы Оңтүстік Озереевкадағы терминалдың әкімшілік корпусына зақым келтірді. Зардап шеккендер жоқ, бірақ жүк операциялары тоқтатылды.
Каспий құбыр консорциумы құрылымына жасалған шабуылдан бірнеше сағат бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украинаға дрондардың шабуылына қатысты алаңдаушылығын жеткізгендерін айтқан болатын.
Сонымен қатар Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл "Қазақстанның да инфрақұрылымына жасалған шабуыл" екенін атап өтті.
Қазақстандық БАҚ 25 қарашада Энергетика министрлігіне сілтеме жасап, мұнай тасымалдау және тиеп-жөнелту штаттық режимде жалғасып жатқанын, қазақстандық учаскеде қабылдау шектелмейтінін хабарлады.
КҚК мұнай құбыры арқылы Қазақстан мұнайының 80%-і айдалады.
НПС Кропоткинская - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2025
Каспий құбыр консорциумы терминалы ғимаратының зақымдануы экспортқа әсер етпеді
Жаңалықтар
0