Каспий құбыр консорциумы терминалы ғимаратының зақымдануы экспортқа әсер етпеді

НПС Кропоткинская - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2025
Жазылу
Қазақстан учаскесінде жүк жөнелтушілерден мұнай ешқандай шектеусіз қабылданып жатыр
АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумы терминалы ғимаратының зақымдануы Қазақстан мұнайының экспортына әсер етпеді.
Қазақстан Энергетика министрлігінің хабарлауынша, мұнай тасымалдау және жөнелту қалыпты режимде жалғасып жатыр, Қазақстан аумағында қабылдау жұмыстары шектелмеген.
Жағдай ведомство бақылауында.
Бұған дейін 25 қарашаға қараған түні Украина дрондары Оңтүстік Озереевкадағы Каспий құбыр консорциумы терминалының әкімшілік корпусын зақымдағаны хабарланған еді. Зардап шеккендер жоқ, қызметкерлер эвакуацияланды, жүк операциялары уақытша тоқтатылды.
Краснодар өлкесінің губернаторы бұл шабуылды соңғы уақыттағы ең ауқымды шабуылдардың бірі деп атады.
Выносные причальные устройства КТК в порту Новороссийска - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2025
Украина дрондары Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалын зақымдады
Жаңалықтар
0