Сауда вице-министрі азық-түлікті тиімді бағамен қайдан алатынын айтты

Қарақұмық бағасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2025
Жазылу
Вице-министр Астанадағы "Әсем" сауда орталығына барып тұрады
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков азық-түлікті арзан бағаға қайдан алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Астанадағы "Әсем" сауда орталығына барып тұрады.
"Жұбайым екеуіміз апта сайын баруға тырысамыз. Сол жерде ет, тұрмыстық химия және тағы басқасын алатын нақты сауда орындарымыз бар. Сонда арзан болатынын білеміз. Ал енді азық-түлікті қымбатқа аламын дейтіндер Galmart-қа барсын", - деді Әбілдабеков үкіметтегі брифингте.
Осы орайда вице-министр оңтүстік пен солтүстіктің баға айырмашылығын түсіндірді. Оның айтуынша, жеміс-жидекті тасымалдаудан бөлек сақтау шығындары бар. Сондықтан солтүстікте шығын көп шығады.
"Сосын оңтүстікте саудагерлердің менталитеті басқаша. Ол жақта адам көп қой. Сол себепті бағаны қатты көтермейді. Ал мына жақта барлық азық-түліктің үстеме бағасы жоғары", - деді Әбілдабеков.
Азық-түлік жәрмеңкесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін қосымша шаралар қолға алынады – министрлік
Жаңалықтар
0