https://sputnik.kz/20251105/azyq-tulik-bagasyn-ustap-turu-ushin-qosymsha-sharalar-qolga-alynady--ministrlik-58477478.html
Азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін қосымша шаралар қолға алынады – министрлік
Азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін қосымша шаралар қолға алынады – министрлік
Sputnik Қазақстан
Апта сайын баға мониторингі жүргізіліп, сауда үстемеақыларының шекті мөлшерін сақтау қатаң бақыланады 05.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-05T18:20+0500
2025-11-05T18:20+0500
2025-11-05T19:31+0500
министрлік
азық-түлік
баға
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58023625_0:56:1082:665_1920x0_80_0_0_1a104045a2be84d1b018b1afda061e75.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру және ішкі нарықты өніммен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.Қазіргі кезде отандық өндірушілер мен сауда желілері арасында тікелей өзара іс-қимыл жолға қойылған. Апта сайын баға мониторингі жүргізіліп, сауда үстеме ақыларының шекті мөлшерін сақтау қатаң бақыланады. Соның арқасында 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы тұрақты деңгейде қалып отыр.Күздің басынан бері олардың индексі шамалы ғана өзгерген. Атап айтқанда, тамызда – 0%, қыркүйекте – 0,2%, ал қазанда – 0,2%.Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан жеміс-жидек пен көкөніс жеткізу үшін "жасыл дәліз" тетігін енгізу бастамасын қолдады. Бұл маусымдық баға ауытқуларын азайтып, жаңа өнімдердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.
https://sputnik.kz/20250804/ukimet-arzandagan-azyq-tulik-onimderin-atady-56146315.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58023625_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_c05df01a5b7ba5db6c8857d4883159a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, азық-түлік, баға
министрлік, азық-түлік, баға
Азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін қосымша шаралар қолға алынады – министрлік
18:20 05.11.2025 (жаңартылды: 19:31 05.11.2025) Апта сайын баға мониторингі жүргізіліп, сауда үстемеақыларының шекті мөлшерін сақтау қатаң бақыланады
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру және ішкі нарықты өніммен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде отандық өндірушілер мен сауда желілері арасында тікелей өзара іс-қимыл жолға қойылған. Апта сайын баға мониторингі жүргізіліп, сауда үстеме ақыларының шекті мөлшерін сақтау қатаң бақыланады. Соның арқасында 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы тұрақты деңгейде қалып отыр.
Күздің басынан бері олардың индексі шамалы ғана өзгерген. Атап айтқанда, тамызда – 0%, қыркүйекте – 0,2%, ал қазанда – 0,2%.
"Бөлшек саудадағы баға өсімін тежеу және нарықтағы болжамдылықты сақтау мақсатында ірі өндірушілер мен импорттаушылармен ерікті түрде баға белгілеу жөнінде келісімдер жасау ұсынылды. Ауыл шаруашылығы субъектілерін субсидиялау қағидаларына өндірілген өнімнің кемінде 50 пайызын ішкі нарықта өткізу талабы енгізілмек. Бұл қадам ішкі нарықты отандық әрі қолжетімді өнімдермен толықтыруға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан жеміс-жидек пен көкөніс жеткізу үшін "жасыл дәліз" тетігін енгізу бастамасын қолдады. Бұл маусымдық баға ауытқуларын азайтып, жаңа өнімдердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.