https://sputnik.kz/20251125/qostanay-oblysynda-er-adam-zhumysqa-qabyldamay-qoygan-fermerdin-shobin-ortep-zhiberdi-59104769.html
Қостанай облысында ер адам жұмысқа қабылдамай қойған фермердің шөбін өртеп жіберді
Қостанай облысында ер адам жұмысқа қабылдамай қойған фермердің шөбін өртеп жіберді
Sputnik Қазақстан
Салдарынан миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген 25.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-25T22:50+0500
2025-11-25T22:50+0500
2025-11-25T22:50+0500
қостанай облысы
өрт
шаруа қожалығы
https://sputnik.kz/img/07e6/08/13/26870968_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_f7a933b27579223035c09ec0e65a16ff.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қостанай облысында ер адам жұмысқа қабылдамаған фермерге өкпелеп, оның 14 тонна шөбі мен жылжымалы вагонын өртеп жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық соттың мәліметінше 2025 жылдың 25 тамызында М. Бейімбет Майлин ауданының Красносельское ауылы маңындағы шаруа қожалығына мас болып барып, бақташы ретінде жұмысқа қабылдаудан бас тартқаны үшін Л.-ға тиесілі мүлікті қасақана жойған.Жәбірленуші жаза түрін соттың қалауы бойынша анықтауды, ал азаматтық талабын толық көлемде қанағаттандыруды өтінді.Сотталушы кінәсін және азаматтық талапты толық мойындады.Сот сотталушының шын ниетпен өкінуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Қылмыстың қайталануы және құқық бұзушылықтың мас кезде жасалуы ауырлататын мән-жай деп танылды.Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250909/46-mln-tengenin-mulkin-ortep-zhibergen-er-adam-zhazadan-bosatyldy-56933846.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/13/26870968_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_0e6228b33e98ec15126d918c41ceb0d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, өрт, шаруа қожалығы
қостанай облысы, өрт, шаруа қожалығы
Қостанай облысында ер адам жұмысқа қабылдамай қойған фермердің шөбін өртеп жіберді
Салдарынан миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қостанай облысында ер адам жұмысқа қабылдамаған фермерге өкпелеп, оның 14 тонна шөбі мен жылжымалы вагонын өртеп жіберді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық соттың мәліметінше 2025 жылдың 25 тамызында М. Бейімбет Майлин ауданының Красносельское ауылы маңындағы шаруа қожалығына мас болып барып, бақташы ретінде жұмысқа қабылдаудан бас тартқаны үшін Л.-ға тиесілі мүлікті қасақана жойған.
"М. 14 тонна болатын үш мая (шөмеле) шөпті, сондай-ақ ішінде Л. мен С.-ға тиесілі мүлік болған бір осьті жылжымалы вагонды өртеген. Салдарынан Л.-ға 932 800 теңге, ал С.-ға 101 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілген", - деп жазылған сот хабарламасында.
Жәбірленуші жаза түрін соттың қалауы бойынша анықтауды, ал азаматтық талабын толық көлемде қанағаттандыруды өтінді.
Сотталушы кінәсін және азаматтық талапты толық мойындады.
Сот сотталушының шын ниетпен өкінуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Қылмыстың қайталануы және құқық бұзушылықтың мас кезде жасалуы ауырлататын мән-жай деп танылды.
"Сот М.-ны кінәлі деп танып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді", - деп жазылған хабарламада.
Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.