46 млн теңгенің мүлкін өртеп жіберген ер адам жазадан босатылды

© Photo : МЧС КазахстанаПожар на СТО в Алматинской области
Пожар на СТО в Алматинской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Жазылу
Прокурор сотталушыны 1 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысының Шу аудандық соты автосервисте болған өрт бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл қаңтар айында техникалық жөндеу орталығының бір боксын жалға алған ер адам дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамады. Соның салдарынан бір көліктің кабинасы өртке оранды.
Тілсіз жау тез тарап, басқа бокстарға да ауысты. Сол кезде бірнеше көлік пен жабдық өртеніп кетті. Сараптамаға сәйкес, жеті жәбірленушіге жалпы сомасы 46 млн теңгеден астам материалдық шығын келген.
Сотталушы кінәсін толық мойындады. Прокурор оны 1 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбірленушілер жалпы сомасы 57 млн теңгеден астам азаматтық талап қойды. Бірақ артынан ол талаптан бас тартатынын мәлімдеді. Сотталушыны кешірдік деп, шешімді соттың қарауына қалдырды.
Сот үкімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауға шешім шығарды. Сотталушы рақымшылыққа ілігіп, жазасын өтеуден босатылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстандағы тас жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Министрлік көлікті мас күйде жүргізгені үшін жазадан босатуды сұрайтындарға жауап берді
Жаңалықтар
0