Жетісу облысында әскерилерге тиесілі теміржол бөлігі жеке меншікке сатылып кеткен

Темір жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Жазылу
Бұл шешімді жер комиссиясы мен жер қатынастары жөніндегі жергілікті орган шығарған
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жетісу облысында заңсыз талан-таражға түскен теміржол учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Бас әскери прокуратура.
Сарыөзекте әскери бөлімнің теміржолға баратын тармағының бір бөлігін коммерциялық құрылымның меншігіне заңсыз беріп жіберген.
Бұл шешімді жер комиссиясы мен жер қатынастары жөніндегі жергілікті орган шығарған. Алайда заңсыздықты Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы анықтаған.
Әскери бөлім Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінеді.
"Сотпен талап арыз қанағаттандырылып, құны 75 млн теңгеден асатын кірме жол қорғаныс ведомствосының меншігіне қайтарылды", - дейді ведомстводағылар.
Жайылымдық жер - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жамбыл облысында 8 жыл бойы игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды
Жаңалықтар
0