https://sputnik.kz/20251120/zhambyl-oblysynda-8-zhyl-boyy-igerilmegen-zher-memleketke-qaytaryldy-58947191.html
Жамбыл облысында 8 жыл бойы игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды
Жамбыл облысында 8 жыл бойы игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Сот отырысында жауапкер 2026 жылдың көктемінде жерді игеру ниеті бар екенін мәлімдеді 20.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-20T22:53+0500
2025-11-20T22:53+0500
2025-11-20T22:53+0500
жамбыл облысы
жайылымдар
сот шешімі
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18672978_0:49:3072:1777_1920x0_80_0_0_e2ec2c9dab09fde4bc450cd27f531c58.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Сот шешімімен мақсаты бойынша пайдаланылмаған 50 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкерінден жер учаскесін мәжбүрлеп алуға қатысты азаматтық іс қаралды.Тексеру нәтижесі бойынша кәсіпкерге бір жыл мерзім ішінде жер заңнамасының талаптарын орындау туралы нұсқама берілген. Алайда көрсетілген мерзім өткеніне қарамастан, заң бұзушылықтар жойылмаған. Осыған байланысты жер ресурстарын басқару департаменті жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талаппен сотқа жүгінген.Сот отырысында жауапкер қаржылық мүмкіндіктің болмауына байланысты жерді пайдалана алмағанын және 2026 жылдың көктемінде оны игеру ниеті бар екенін мәлімдеді. Сот ұсынылған материалдарды зерделей келе, нұсқамада көрсетілген мерзімнің өтіп кеткенін және талаптардың орындалмағанын анықтады.Сот жер заңнамасы нормаларын басшылыққа ала отырып, департамент талабын қанағаттандырып, жауапкерден мемлекеттік бажды өндірді.Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250927/forbes-tizimindegi-millionerler-men-eks-sheneunikterdin-zheri-memleketke-qaytaryldy-57426843.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18672978_51:0:2782:2048_1920x0_80_0_0_fa3d2549bf204d6532ec088208d0478a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жайылымдар, сот шешімі
жамбыл облысы, жайылымдар, сот шешімі
Жамбыл облысында 8 жыл бойы игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды
Сот отырысында жауапкер 2026 жылдың көктемінде жерді игеру ниеті бар екенін мәлімдеді
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Сот шешімімен мақсаты бойынша пайдаланылмаған 50 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.
Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкерінден жер учаскесін мәжбүрлеп алуға қатысты азаматтық іс қаралды.
"Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы қаулысына сәйкес, жауапкерге шаруа қожалығын жүргізу үшін жалпы ауданы 50 гектар жер учаскесі берілген. Алайда 2024 жылдың сәуір айында жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында жайылымға арналған жердің мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Тексеру нәтижесі бойынша кәсіпкерге бір жыл мерзім ішінде жер заңнамасының талаптарын орындау туралы нұсқама берілген. Алайда көрсетілген мерзім өткеніне қарамастан, заң бұзушылықтар жойылмаған. Осыған байланысты жер ресурстарын басқару департаменті жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талаппен сотқа жүгінген.
Сот отырысында жауапкер қаржылық мүмкіндіктің болмауына байланысты жерді пайдалана алмағанын және 2026 жылдың көктемінде оны игеру ниеті бар екенін мәлімдеді. Сот ұсынылған материалдарды зерделей келе, нұсқамада көрсетілген мерзімнің өтіп кеткенін және талаптардың орындалмағанын анықтады.
Сот жер заңнамасы нормаларын басшылыққа ала отырып, департамент талабын қанағаттандырып, жауапкерден мемлекеттік бажды өндірді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.