Қазақстан Каспий құбырына жасалған шабуылға алаңдаушылығын Украинаға жеткізіп отыр

© Sputnik / Санат ИмангалиевАйбек Смадияров
Айбек Смадияров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Жазылу
Украина Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына бірнеше рет шабуыл жасады
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Қазақстан Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мен Орынбор газ өңдеу зауытының инфрақұрылымына дронмен жасалған шабуылдарға алаңдаушылығын Украинаға жеткізіп отыр, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
"Біз бұл мәселе бойынша Украина тарапымен үнемі байланыстамыз. Әрине, алаңдаушылығымызды әрдайым жеткіземіз. Алайда бұл мәселемен егжей-тегжейлі Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" компаниясындағы әріптестеріміз айналысып келеді", – деді ол.
Смадияровтың айтуынша, қазан және қараша айларында болған оқиғалар туралы ақпарат міндетті түрде Украина тарабына жеткізіледі.
Бұған дейін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Украина Қарулы күштерінің Каспий Құбыр Консорциумы нысандарына жасалған дрон соққыларын "Қазақстан инфрақұрылымына да жасалған шабуыл" деп атаған еді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Каспий құбыр консорциумы тарапынан Қазақстан мұнайына шектеу жоқ – министрлік
Жаңалықтар
0