https://sputnik.kz/20250218/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-tarapynan-qazaqstan-munayyna-shekteu-zhoq--ministrlik-50973377.html
Каспий құбыр консорциумы тарапынан Қазақстан мұнайына шектеу жоқ – министрлік
Каспий құбыр консорциумы тарапынан Қазақстан мұнайына шектеу жоқ – министрлік
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы объектісіндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik... 18.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-18T19:50+0500
2025-02-18T19:50+0500
2025-02-18T19:51+0500
каспий
құбыр
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50573181_0:78:1500:922_1920x0_80_0_0_1af174cd9db6d0db26975d5975ea0820.jpg
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы объектісіндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.КҚК ақпаратына сәйкес, "Тенгиз – Новороссийск" магистральдық мұнай құбыры 2025 жылғы 17 ақпанда Мәскеу уақытымен сағат 02:50-де "Кропоткинская" мұнай айдау станциясының қатысуынсыз транзиттік режимде іске қосылды.Еске сала кетейік, 2025 жылдың 17 ақпанында "Кропотинская" мұнай айдау станциясына бірнеше ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Консорциум қызметкерлерінің жедел әрі келісілген әрекеттерінің арқасында мұнай төгілу қаупі төнбеді. Ал мұнай тоқтатылған станцияны айналып өтіп, Тенгиз-Новороссийск құбыр желісі арқылы тасымалданады. Теңіз терминалында шикізатты экспортқа жөнелту штатты режимде жүзеге асырылып жатыр.2024 жылы "Кропотинская" мұнай айдау станциясы арқылы 63 миллион тоннадан астам мұнай жөнелтілді, оның 90 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі.
https://sputnik.kz/20250218/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-zhumysyn-zhalgastyryp-zhatyr-50972219.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50573181_84:0:1417:1000_1920x0_80_0_0_e85266d53017530729fce47825d1a9dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, құбыр, мұнай
Каспий құбыр консорциумы тарапынан Қазақстан мұнайына шектеу жоқ – министрлік
19:50 18.02.2025 (жаңартылды: 19:51 18.02.2025) АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы объектісіндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазіргі уақытта КҚК тарапынан Қазақстан мұнайына шектеу жоқ, қабылдау графикке сәйкес жүзеге асырылып жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
КҚК ақпаратына сәйкес, "Тенгиз – Новороссийск" магистральдық мұнай құбыры 2025 жылғы 17 ақпанда Мәскеу уақытымен сағат 02:50-де "Кропоткинская" мұнай айдау станциясының қатысуынсыз транзиттік режимде іске қосылды.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 17 ақпанында "Кропотинская" мұнай айдау станциясына бірнеше ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Консорциум қызметкерлерінің жедел әрі келісілген әрекеттерінің арқасында мұнай төгілу қаупі төнбеді. Ал мұнай тоқтатылған станцияны айналып өтіп, Тенгиз-Новороссийск құбыр желісі арқылы тасымалданады. Теңіз терминалында шикізатты экспортқа жөнелту штатты режимде жүзеге асырылып жатыр.
2024 жылы "Кропотинская" мұнай айдау станциясы арқылы 63 миллион тоннадан астам мұнай жөнелтілді, оның 90 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі.